Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Салық кодексi
441-бап. Қолдану тәртібі



Ст. 441 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы




1. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режімін қолдану үшiн жалпыға бірдей белгіленген тәртіптен немесе өзге де арнаулы салық режімінен ауысқан кезде дара кәсіпкер жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына қолданылатын салық салу режімі туралы хабарлама табыс етеді.

Жаңадан құрылған дара кәсіпкерлер шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режімін таңдауды осы Кодекстің 426-бабының 3-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес жүзеге асырады.

Бұл ретте:

жаңадан құрылған дара кәсіпкерлер үшін – дара кәсіпкерді салық органдарында мемлекеттік тіркеу күні;

салық салудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібінен немесе өзге де арнаулы салық режімінен ауысқан кезде дара кәсіпкерлер үшін – қолданылатын салық салу режімі туралы хабарлама табыс етілген айдан кейінгі айдың бірінші күні аталған арнаулы салық режімін қолдануды бастау күні болып табылады.

2. Жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке немесе өзге де арнаулы салық режіміне ауысу туралы шешім қабылдаған кезде дара кәсіпкерлер қолданылатын салық салу режімі туралы хабарламаны табыс етуге мiндетті.

Бұл ретте:

1) қолданылатын салық салу режімі туралы хабарлама табыс етілген айдың соңғы күнi шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режімін қолдануды тоқтату күнi болып табылады;

2) қолданылатын салық салу режімі туралы хабарлама табыс етілген айдан кейiнгi айдың бірінші күні жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi немесе өзге де арнаулы салық режімiн қолдануды бастау күнi болып табылады.

3. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режімiн қолдануға мүмкiндiк бермейтiн шарттар туындаған жағдайларда дара кәсіпкерлер сәйкессiздiк шарттары туындаған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде салық органына қолданылатын салық салу режімі туралы хабарламаны табыс етеді және жалпыға бірдей белгiленген тәртiпке немесе өзге де арнаулы салық режімiне ауысады.

Бұл ретте:

1) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режімін қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған айдың алдындағы айдың соңғы күнi шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режімін қолдануды тоқтату күнi болып табылады;

2) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режімін қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған айдың бірінші күні жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi немесе өзге де арнаулы салық режімiн қолдануды бастау күнi болып табылады.

4. Салық органы дара кәсіпкерлердің осы Кодекстiң 439-бабында белгiленген шарттарға сәйкессіздік фактiсiн анықтаған кезде, осы салық төлеушiлердi жалпыға бірдей белгiленген тәртiпке ауыстырады.

Камералдық бақылау барысында мұндай сәйкессiздiк фактiсiн анықтаған жағдайда, салық органдары жалпыға бірдей белгiленген тәртiпке ауыстырылғанға дейiн салық төлеушiге осы Кодекстiң 607 және 608-баптарында белгiленген мерзiмдерде және тәртiппен камералдық бақылау нәтижелерi бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жiбередi.

Бұл ретте:

1) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режімін қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған айдың алдындағы айдың соңғы күнi шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режімін қолдануды тоқтату күнi болып табылады;

2) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режімін қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған айдың бірінші күні жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi қолдануды бастау күнi болып табылады.

Ескерту. 441-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


Статья 1 ...439 440 441 442 443 ...688 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi) N 99-IV от 10.12.2008 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 441-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы