Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР Салық кодексi
452-бап. Еуразиялық экономикалық одақта қосылған құн салығының сомаларын есепке жатқызу тәртібі

Ст. 452 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018

1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қосылған құн салығы осы Кодекстің 46-тарауында айқындалған тәртіппен есепке жатқызылады. 

2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлардың импорты кезінде Қазақстан Республикасының бюджетіне белгіленген тәртіппен төленген импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығының сомасы есептелген және (немесе) есепке жазылған сомалар шегінде есепке жатқызылады. 

Бюджетке төленген, бірақ осы Кодекстің 444-бабының 6-тармағына сәйкес айқындалатын салықтық кезең үшін салық салынатын импорттың мөлшеріне тура келетін қосылған құн салығының сомасынан аспайтын қосылған құн салығының сомасы лизинг шарты (келісімшарты) бойынша тауарлардың импорты кезінде есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы болып табылады. Бұл ретте алдыңғы салық кезеңдері үшін есепке жазылған (есептелген) және, оның ішінде осы Кодекстің 101, 102 және 103-баптарында айқындалған тәртіппен ағымдағы салықтық кезеңде есепке жатқызу арқылы төленген қосылған құн салығының сомалары ағымдағы салықтық кезеңде есепке жатқызылуға тиіс. 

3. Қазақстан Республикасының салық төлеушісі – лизинг берушісі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің лизинг алушысы – салық төлеушісі алуға жататын тауарларды (лизинг нысаналарын) лизингке берген кезде Қазақстан Республикасының салық төлеушісі – лизинг берушісі есепке жатқызуға тиіс қосылған құн салығының сомасы тауарлардың (лизинг нысаналарының) құнына тура келетін бөлігінде сыйақыны есепке алмай әрбір лизингтік төлем бойынша айқындалады.

Статья 1 ...450 451 452 453 454 ...773

Перейти к статье






Добавить комментарий к 452-бап ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ