Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Салық кодексi

ҚР Салық кодексi
455-бап. Салық салу объектісі



Ст. 455 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы



Алымдар мынадай тіркеу іс-әрекеттері:  

1) мыналарды:  

заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені (есепке қойғаны) және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені, сондай-ақ қайта тіркегені; 

жылжымайтын мүлікке құқықтарды;  

жылжымалы мүлік кепілін және кеме ипотекасын, сондай-ақ әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге кері қайтарып алынбайтын өкілеттікті мемлекеттік тіркегені үшін; 

ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды; 

көлік құралдарын, сондай-ақ оларды қайта тіркегені;  

дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, сондай-ақ оларды қайта тіркегені;  

авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды, сондай-ақ оларды қайта тiркегені; 

теле-, радиоарнаны, мерзiмдi баспасөз басылымын, ақпараттық агенттiкті және желілік басылымды мемлекеттік тіркегені (есепке қойғаны); 

2) осы баптың 1) тармақшасының екінші абзацында көрсетілгендерді қоспағанда, тіркеу іс-әрекеттерінің жасалғанын куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін алынады.  

Ескерту. 455-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.16 N 186-IV, 2011.03.25 N 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.06 N 529-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.18 N 546-IV (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...453 454 455 456 457 ...688 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 455-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы