Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 456 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

ҚР Салық кодексi
456-бап. Еуразиялық экономикалық одақта тауарлардың импорты кезінде қосылған құн салығын есептеу және төлеу тәртібі

1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Еуразиялық экономикалық одақта қосылған құн салығын есептеу және төлеу тәртібі осы Кодекстің 48-тарауына сәйкес айқындалады. 

2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлардың, оның ішінде алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері болып табылатын тауарлардың импорты кезінде салық төлеуші орналасқан (тұрғылықты) жеріндегі салық органына тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы, оның ішінде лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша өтінішті, егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салықтық кезеңнен кейінгі айдың 20-ынан кешіктірмей қағаз жеткізгіште және электрондық нысанда не электрондық нысанда ғана ұсынуға міндетті. 

Салық төлеуші тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішпен бір мезгілде салық органына мынадай құжаттарды ұсынады: 

1) импортталған тауарлар бойынша жанама салықтардың іс жүзінде төленгенін растайтын банктің үзінді көшірмесі және (немесе) Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасында көзделген, импортталған тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу жөніндегі салықтық міндеттеменің орындалғанын растайтын өзге де төлем құжаты немесе осы Кодекстің 451-бабының талаптарын ескере отырып, қосылған құн салығынан босатылғанын растайтын құжат. 

Бұл ретте көрсетілген құжаттар қосылған құн салығын төлеудің өзге тәртібі кезінде, сондай-ақ салық төлеуші көрсетілген артық төленген сомаларды салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің басқа да түрлері бойынша есепке жатқызуға немесе есеп айырысу шотына қайтаруға өтініш бермеген болса, импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы бойынша алдағы төлемдер есебіне есепке жатқызылуға тиіс импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы бойынша жеке шоттарда артық төленген төлемдер болған жағдайда ұсынылмайды. 

Лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша осы тармақшада көрсетілген құжаттар лизинг шартында (келісімшартында) көзделген, есепті салықтық кезеңге тура келетін лизингтік төлемнің мерзімі бойынша осы тармақта белгіленген мерзімде ұсынылады; 

2) тауарлардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына өткізілгенін растайтын тауарға ілеспе және (немесе) өзге де құжаттар (егер тауарларды өткізудің жекелеген түрлері, оның ішінде тауарларды көлік құралдарын пайдаланбай өткізу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында осы құжаттарды ресімдеу көзделмесе, көрсетілген құжаттар ұсынылмайды); 

3) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасында ұсынылуы (жазып берілуі) көзделген жағдайда, тауарларды тиеп-жөнелту кезінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес ресімделген шот-фактуралар. 

Егер Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасында шот-фактураны ұсыну (жазып беру) көзделмеген болса не тауарлар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет болып табылмайтын мемлекеттің салық төлеушісінен сатып алынса, шот-фактураның орнына сатушы ұсынған (жазып берген), импортталған тауарлардың құнын растайтын өзге құжат ұсынылады; 

4) солардың негізінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар сатып алынған шарттар (келісімшарттар), тауарлар лизингі (лизинг нысаналары) жағдайында – лизинг шарттары (келісімшарттары), заттар түрінде қарыз берілген жағдайда – қарыз шарттары, тауарларды дайындау туралы шарттар (келісімшарттар), алыс-беріс шикізатын қайта өңдеуге арналған шарттар (келісімшарттар); 

5) Қазақстан Республикасының салық төлеушісіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің салық төлеушісі не Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің салық төлеушісі ұсынған, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше үшінші мемлекеттің аумағынан импортталған тауарларды өткізетін ұйымның басшысы (дара кәсіпкер) қол қойған және мөрімен расталған, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше үшінші мемлекеттің салық төлеушісі және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше осы үшінші мемлекеттің салық төлеушісімен жасалған импортталған тауарды сатып алу туралы шарт (келісімшарт) туралы мынадай: 

тұлғаны Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің салық төлеушісі ретінде сәйкестендіретін нөмір; 

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің салық төлеушісінің (ұйымның, дара кәсіпкердің) атауы; 

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің салық төлеушісінің орналасқан (тұрғылықты) жері; 

келісімшарттың (шарттың) нөмірі мен күні; 

өзіндік ерекшеліктің нөмірі мен күні туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттық хабар (осы Кодекстің 454-бабының 2, 3, 4 және 5-тармақтарында көзделген жағдайларда). 

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің өзінен тауар сатып алынатын салық төлеушісі өткізілетін тауардың меншік иесі болмаған жағдайда (комиссионер, сенім білдірілген өкіл болып табылса), онда осы тармақшаның бірінші бөлігінің екінші – алтыншы абзацтарында көрсетілген мәліметтер өткізілетін тауардың меншік иесіне қатысты да ұсынылады. 

Ақпараттық хабар шет тілінде ұсынылған жағдайда, қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасының болуы міндетті. 

Егер осы тармақшада көзделген мәліметтер осы тармақтың екінші бөлігінің 4) тармақшасында көрсетілген шартта (келісімшартта) қамтылған жағдайда, ақпараттық хабар ұсынылмайды; 

6) комиссия немесе тапсырма шарттары (келісімшарттары) (олар жасалған жағдайда); 

7) солардың негізінде комиссия немесе тапсырма шарттары бойынша Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар сатып алынған шарттар (келісімшарттар) (қосылған құн салығын комиссионер, сенім білдірілген өкіл төлейтін жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 454-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларда). 

Бөлшек саудада сатып алу-сату жағдайында, осы тармақтың екінші бөлігінің 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттар болмаған кезде Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлардың алынғанын (не сатып алынғанын) растайтын құжаттар (оның ішінде бақылау-касса машинасының чектері, тауар чектері, сатып алу актілері) ұсынылады. 

Осы тармақтың екінші бөлігінің 1) – 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың салық төлеушінің басшысы мен бас бухгалтерінің (ол болған кезде) не салық төлеушінің шешімі бойынша осыған уәкілеттік берілген өзге де адамдардың қолдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша салық төлеушіде мөр болмайтын жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің мөрімен расталған көшірмелері ұсынылуы мүмкін. 

Бұл ретте құжаттардың көрсетілген көшірмелері соңғы парағында парақтардың жалпы саны көрсетіле отырып, тігілген, нөмірленген және соңғы парағында салық төлеушінің басшысы мен бас бухгалтерінің (ол болған кезде) не салық төлеушінің шешімі бойынша осыған уәкілеттік берілген өзге де адамдардың қолдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша салық төлеушіде мөр болмайтын жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің мөрімен расталған кітап (кітаптар) түрінде ұсынылуы мүмкін. 

Лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша салық төлеуші импортталған тауарлар (лизинг нысаналары) есепке қабылданған айдан – салықтық кезеңнен кейінгі айдың 20-ынан кешіктірмей салық органына тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішпен бір мезгілде осы тармақтың екінші бөлігінің 1) – 7) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсынады. Кейіннен салық төлеуші лизинг шартында (келісімшартында) көзделген төлем мерзімінің айынан – салықтық кезеңнен кейінгі айдың 20-ынан кешіктірмей салық органына тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішпен бір мезгілде осы тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген құжаттарды (олардың көшірмелерін) ұсынады. 

Лизинг шартында (келісімшартында) көзделген тауарлар (лизинг нысаналары) құнының бір бөлігін төлеу мерзімінің басталу күні тауарларды (лизинг нысаналарын) Қазақстан Республикасының аумағына әкелгеннен кейін басталған жағдайда, салық төлеуші импортталған тауарлар (лизинг нысаналары) есепке қабылданған айдан – салықтық кезеңнен кейінгі айдың 20-ынан кешіктірмей салық органына тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішпен бір мезгілде осы тармақтың екінші бөлігінің 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсынады. Бұл ретте салық төлеуші тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініште қосылған құн салығы бойынша салықтық базаны көрсетпейді. 

Егер лизинг шарты (келісімшарты) бойынша тауарлар (лизинг нысаналары) құнының бір бөлігін төлеу мерзімінің басталу күні тауарларды (лизинг нысаналарын) Қазақстан Республикасының аумағына әкелген күнге дейін белгіленген жағдайда, салық төлеуші импортталған тауарлар (лизинг нысаналары) есепке қабылданған айдан – салықтық кезеңнен кейінгі айдың 20-ынан кешіктірмей салық органына тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішпен бір мезгілде осы тармақтың екінші бөлігінің 1) – 4) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсынады. 

Кейіннен салық төлеуші лизинг шартында (келісімшартында) көзделген төлем мерзімінің айынан – салықтық кезеңнен кейінгі айдың 20-ынан кешіктірмей салық органына тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішпен бір мезгілде осы тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген құжаттарды (олардың көшірмелерін) ұсынады. 

Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің нысанын, оны толтыру және ұсыну қағидаларын уәкілетті орган бекітеді. 

3. Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті қағаз жеткізгіште (төрт данада) және электрондық нысанда мыналар ұсынады: 

1) осы Кодекстің 451-бабының 2-тармағына сәйкес қосылған құн салығын төлеуден босатыла отырып және (немесе) осы Кодекстің 428-бабына сәйкес қосылған құн салығын есепке жатқызу әдісімен төлей отырып, тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импорттайтын тұлғалар; 

2) осы Кодекстің 459-бабының 2-тармағында көзделген тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішке өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда салық төлеуші. 

4. Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш электрондық нысанда ғана ұсынылған кезде осы баптың 2-тармағы екінші бөлігінің 1) – 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттар ұсынылмайды. 

Осы тармақтың ережесі осы баптың 3-тармағында белгіленген жағдайларда қолданылмайды. 

5. Импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы салық төлеушілердің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салықтық кезеңнен кейінгі айдың 20-ынан кешіктірмей төленеді. 

Импортталған тауарлардың бағасы осы Кодекстің 444-бабының 8-тармағына сәйкес ұлғайту жағына өзгертілген жағдайда импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы шартқа (келісімшартқа) қатысушылар импортталған тауарлардың бағасын өзгерткен айдан кейінгі айдың 20-ынан кешіктірмей төленеді. 

6. Тауарлар, оның ішінде алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері болып табылатын тауарлар, лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша тауарлар (лизинг нысаналары) есепке қабылданған немесе лизинг шартында (келісімшартында) көзделген төлем мерзімі басталатын күнтізбелік ай осындай импортталған тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импорттау кезінде жанама салықтарды есептеу мен төлеуге арналған салықтық кезең болып табылады. 

Бұл ретте салықтық міндеттемені салықтық кезең ішінде орындауға жол беріледі. 

7. Салық органдарының тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініште импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін тиісті белгі қою арқылы растауы не растаудан уәжді бас тартуы уәкілетті орган көздеген жағдайларда және тәртіппен жүзеге асырылады. 

Қағаз жеткізгіште және электрондық нысанда ұсынылған өтініштер бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін растауды салық органы өтініш қағаз жеткізгіште келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде осындай өтінішке тиісті белгі қою арқылы жүргізеді. 

Осы баптың 4-тармағына сәйкес ұсынылған өтініштер бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін растауды салық органы өтініш электрондық нысанда келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салық төлеушіге жанама салықтарды төлеу фактісін растау туралы электрондық нысанда хабарлама жіберу арқылы жүргізеді. 

8. Қағаз жеткізгіште және электрондық нысанда ұсынылған өтініштер бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін растаудан бас тартуды салық органы өтініш қағаз жеткізгіште келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық төлеушіге қағаз жеткізгіште уәжді бас тартуды жіберу арқылы жүргізеді. 

Осы баптың 4-тармағына сәйкес ұсынылған өтініштер бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін растаудан бас тартуды салық органы өтініш электрондық нысанда келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салық төлеушіге электрондық нысанда уәжді бас тартуды жіберу арқылы жүргізеді. 

9. Осы баптың 8-тармағында көрсетілген жағдайларда салық төлеуші уәжді бас тартуды алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде бұзушылықтарды жоя отырып, салық органына тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті ұсынуға міндетті. 

10. Импортталған тауарлардың бағасы осы Кодекстің 444-бабының 8-тармағына сәйкес ұлғайту жағына өзгертілген жағдайда тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш шартқа (келісімшартқа) қатысушылар импортталған тауарлар бағасын өзгерткен айдан кейінгі айдың 20-ынан кешіктірмей электрондық нысанда ұсынылады. 

Бұл ретте тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініште сатып алынған импортталған тауарлардың өзгертілген құны көрсетіледі. 

Бағаны өзгерту туралы шарт (келісімшарт), салық салынатын импорт және қосылған құн салығы бойынша өзгертілген мән қамтылатын қосымша шот-фактура (егер шот-фактураны ұсыну (жазып беру) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген жағдайда) және (немесе) импортталған тауарлар бағасының өзгергенін растайтын өзге де құжат импортталған тауарлар бағасының ұлғайғанын растайтын құжаттар болып табылады. 

Ескерту. 456-бап жаңа редакцияда – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...454 455 456 457 458 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться