Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Салық кодексi
459-бап. Жалпы ережелер



Ст. 459 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы



1. Қазақстан Республикасының аумағымен автокөлiк құралдарының жүргенi үшiн алым (бұдан әрi – алым):

1) халықаралық қатынастарда жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан кетуi;

2) халықаралық қатынастарда жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдік автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына келуi (кетуi), Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитi;

3) iрi көлемді және (немесе) салмағы ауыр отандық және шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүруi үшiн өндiрiп алынады.

4) алып тасталды - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2. Алып тасталды - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3. Қазақстан Республикасының аумағымен автомобиль құралдарының жүруi көлік саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган беретін рұқсат құжаттары негiзiнде жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өту және рұқсат құжаттарын беру тәртібін көлік саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

4. Көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша алым төлеушілер мен салық салу объектілері туралы ақпарат береді.

Ескерту. 459-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Статья 1 ...457 458 459 460 461 ...688 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi) N 99-IV от 10.12.2008 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 459-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы