Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 46 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.09.2018

ҚР Салық кодексi
46-бап. Хабарсыз кеткен деп танылған жеке тұлғаның салықтық міндеттемесін орындау

1. Жеке тұлғаның салықтық міндеттемесі соттың күшіне енген шешімі негізінде оны хабарсыз кеткен деп таныған кезден бастап тоқтатыла тұрады. 

2. Сот хабарсыз кеткен деп таныған жеке тұлғаның салықтық берешегін хабарсыз кеткен деп танылған жеке тұлғаның мүлкіне қорғаншылық жасау жөніндегі міндет жүктелген адам өтейді. 

3. Егер хабарсыз кеткен деп танылған жеке тұлғаның мүлкі салықтық берешекті өтеу үшін жеткіліксіз болса, онда оның салықтық берешегінің өтелмеген бөлігін салық органы мүліктің жеткіліксіздігі туралы сот шешімі негізінде есептен шығарады. 

4. Сот адамды хабарсыз кеткен деп тану туралы шешімнің күшін жойған кезде бұрын салық органы есептен шығарған салықтық берешектің күші осы Кодекстің 48-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзіміне қарамастан, сот тәртібімен қайта басталады.

Статья 1 ...44 45 46 47 48 ...773

Перейти к статье






Добавить комментарий к 46-бап ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ