Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Салық кодексi
465-бап. Алым алу объектiсi



Ст. 465 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы



1. Сатылған мүліктің (мүліктік құқықтардың) аукцион өткiзу нәтижелерi бойынша белгiленген құны алым алу объектiсi болып табылады.  

2. Мыналардан:  

1) мемлекеттiк мүлiк объектiлерiн иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік уәкiлеттi орган, оның аумақтық органдары өткiзетiн аукциондардан;  

2) атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындату бойынша әділет органдары өткiзетiн аукциондардан; 

3) мыналарды:  

салық органдары иелiк етудi шектеген мүлiктi сату; 

кеден органдары ұстаған тауарларды өткізу; 

салық мiндеттемелерiн қамтамасыз ету мақсатында кепiлге салынған мүлiктi сату;  

соттың шешiмi бойынша мәжбүрлеп шығарылған жарияланған акцияларды орналастыру бөлiгiнде мамандандырылған ашық аукциондардан;  

4) мыналарды:  

соттардың атқарушы құжаттарының негiзiнде мемлекет кiрiсiне тәркiленген мүлiктi;  

белгiленген тәртiппен иесiз деп танылған мүлiктi;  

белгiленген тәртiппен мемлекетке өткен мүлiктi сату жөнiндегi аукциондардан;  

5) банкрот-заңды тұлғалардың мүліктік массасын өткізу жөнiндегi аукциондардан;  

6) мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының тарату конкурстық массасын өткізу жөніндегі аукциондардан; 

7) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасындағы сауда-саттықта;  

8) бағалы қағаздарды сату жөнiндегi аукциондардан; 

9) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өткізілетін аукциондардан сатылатын мүлік (мүліктік құқықтар) құнынан алым алынбайды. 

Ескерту. 465-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.13 N 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.06.2013 № 106-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т. қараңыз); 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.03.2014 N 177-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...463 464 465 466 467 ...688 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi) N 99-IV от 10.12.2008 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 465-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы