Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Салық кодексi

ҚР Салық кодексi
472-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі



Ст. 472 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы




1. Алым сомасы белгiленген мөлшерлемелер бойынша есептеледi және дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар - өздерінің орналасқан жері бойынша және жеке тұлғалар - тұрғылықты жерi бойынша тиiстi құжаттарды лицензиарға бергенге дейiн бюджетке төленедi. 

2. Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу бойынша қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу бойынша қызметті қоспағанда, ойын бизнесі саласындағы немесе алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізу бойынша, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізу бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия алатын төлеушілер алым сомасын лицензиарға тиісті құжаттарды бергенге дейін төлейді. 

3. Ойын бизнесі саласындағы қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензия алған төлеушілер, тиісті саладағы қызметті жүзеге асырудың бірінші жылын қоспағанда, алым сомасын жыл сайын ағымдағы жылғы 20 қаңтарға дейін төлейді. 

Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізу бойынша, алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізу бойынша қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензия алған төлеушілер, тиісті саладағы қызметті жүзеге асырудың бірінші жылын қоспағанда, алым сомасын жыл сайын ағымдағы жылғы 20 шілдеге дейін төлейді. 

4. Мынадай: 

1) алым төлеген тұлғалар лицензиарға тиісті құжаттарды бергенге дейін лицензия алудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомаларын қайтару немесе есепке жатқызу жүргізілмейді. 

Бұл ретте төленген алым сомаларын қайтаруды немесе есепке жатқызуды аталған тұлғаның лицензия алуға құжаттарды табыс етпегенін растайтын, лицензиар берген құжатты табыс еткеннен кейін алым төлеушінің салықтық өтініші бойынша олар төленген жердегі салық органы осы Кодекстің 599 және 602-баптарында белгіленген тәртіппен жүргізеді. 

2) алым осы Кодекстің 471-бабы кестесінің 1.88 және 1.88-1-жолдарында көрсетілген қызметпен айналысу құқығы үшiн қате немесе артық төленген жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомаларын қайтару немесе есепке жатқызу жүргізілмейді. 

Бұл ретте қате немесе артық төленген алым сомасын қайтаруды немесе есепке жатқызуды төленген жердегі салық органы осы Кодекстің 599, 601 және 602-баптарында белгіленген тәртіппен жүргізеді. 

Ескерту. 472-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 2014.06.18 № 210-V (2015.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

68-тарау. ТЕЛЕВИЗИЯ ЖӘНЕ РАДИО ХАБАРЛАРЫН ТАРАТУ ҰЙЫМДАРЫНА
РАДИОЖИІЛІК СПЕКТРІН ПАЙДАЛАНУҒА РҰҚСАТ БЕРГЕНІ ҮШІН АЛЫМ


Статья 1 ...470 471 472 473 474 ...688 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 472-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы