Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Салық кодексi
476-1-бап. Жалпы ережелер



Ст. 476-1 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы



1. Азаматтық авиация саласындағы сертификаттау үшін алым (бұдан әрі - алым) Қазақстан Республикасында әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін растауға азаматтық әуе кемелерінің пайдаланушысын, авиациялық жұмыстарды орындайтын пайдаланушыны, азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын, азаматтық әуе кемесінің типін, азаматтық әуе кемесінің данасын, азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымды, әуеайлақты, тікұшақ айлағын, авиациялық оқу орталығын, әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметін тексеріп қарауды ұйымдастыру бойынша, аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету ұйымдарын, аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметтерін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның сертификаттауы үшін алынады.

2. Азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей тоқсан сайын салық органдарына өзінің орналасқан жері бойынша алым төлеушілер туралы және салық салынатын объектілер туралы ақпаратты уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша береді.

Статья 1 ...475 476 476-1 476-2 476-3 ...688 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi) N 99-IV от 10.12.2008 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 476-1-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы