Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 489 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.11.2018

ҚР Салық кодексi
489-бап. Жеке табыс салығы мен әлеуметтiк салық бойынша декларация

1. Төлеушiлер жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияны орналасқан жері бойынша салық органдарына есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 15 күнінен кешіктірмей тоқсан сайын ұсынады. 

2. Әлеуметтік салықты есептеу және төлеу жөніндегі міндет жүктелмеген құрылымдық бөлiмшелерi бар төлеушiлер осындай құрылымдық (аумақтық) бөлімше орналасқан жердегі салық органына жеке табыс салығы мен әлеуметтiк салық бойынша декларацияға осындай құрылымдық (аумақтық) бөлімше бойынша әлеуметтiк салық сомасын есептеу жөніндегі қосымшаны ұсынады. 

13-БӨЛІМ. КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫ САЛЫҒЫ

57-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Статья 1 ...487 488 489 490 491 ...773

Перейти к статье






Добавить комментарий к 489-бап ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ