Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР Салық кодексi
497-бап. Жалпы ережелер

Ст. 497 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018

1. Салық салу мақсатында барлық жерлер олардың нысаналы мақсатына және тиісті санаттарға тиесілі болуына қарай қарастырылады. 

2. Жердің белгілі бір санатқа тиесілігі Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгiленедi. Елдi мекендердің жерлерi салық салу мақсаты үшiн мынадай екi топқа бөлiнген: 

1) тұрғын үй қорын, оның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жердi қоспағанда, елдi мекендердің жерi; 

2) тұрғын үй қоры, оның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер. 

3. Жердің мынадай санаттары салық салуға жатпайды: 

1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi; 

2) орман қорының жерi; 

3) су қорының жерi; 

4) босалқы жер. 

Көрсетілген жерлер (запастағы жердi қоспағанда) тұрақты жер пайдалануға немесе бастапқы өтеусiз уақытша жер пайдалануға берiлген жағдайда, олар осы Кодекстiң 508-бабында айқындалған тәртiппен салық салуға жатады. 

4. Жер салығы: 

1) сәйкестендіру құжаттары: меншік құқығының актісі, тұрақты жер пайдалану құқығының актісі, өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығының актісі; 

2) жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша берген жердiң мемлекеттiк сандық және сапалық есебiнің деректерi негiзiнде есептеледi.

Статья 1 ...495 496 497 498 499 ...773

Перейти к статье






Добавить комментарий к 497-бап ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ