Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР Салық кодексi
499-бап. Жекелеген жағдайларда төлеушiнi айқындау

Ст. 499 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Егер жер учаскелерiн иелену немесе пайдалану құқығын куәландыратын құжаттарда немесе тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, пайлық инвестициялық қор активтерiнiң құрамына кiретiн жер учаскесiн қоспағанда, бiрнеше тұлғаның ортақ меншiгiндегi (пайдалануындағы) жер учаскесi бойынша осы тұлғалардың әрқайсысы жер салығын төлеушi болып табылады. 

Пайлық инвестициялық қор активтерiнiң құрамына кiретiн жер учаскесi бойынша осы пайлық инвестициялық қорды басқарушы компания жер салығын төлеушi болып табылады.  

2. Жеке тұлғалардың бірлескен ортақ меншігіндегі салық салу объектілері бойынша осы салық салу объектісінің меншік иелерінің арасындағы келісіммен олардың біреуі салық төлеуші болуы мүмкін. 

Бұл ретте меншік құқығын мемлекеттік тіркеу 2017 жылғы 31 желтоқсаннан кейін жүргізілген бірлескен ортақ меншіктегі салық салу объектілері бойынша меншік иелері осындай объектіге меншік құқығын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыруға өтініште көрсеткен осы салық салу объектісінің меншік иелерінің бірі салық төлеуші болуы мүмкін. 

3. Жер учаскесіне арналған сәйкестендіру құжаттары болмаған жағдайда пайдаланушыны жер учаскесіне қатысты жер салығын төлеуші ретінде тану үшін: 

1) жер учаскесі мемлекеттік меншіктен берілген кезде – мемлекеттік органдардың жер учаскесін беру туралы актілері; 

2) қалған жағдайларда – азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздерде осындай учаскені іс жүзінде иелену және пайдалану негіз болып табылады. 

4. Қаржы лизингiнің шартына сәйкес жылжымайтын мүлiк объектiсiмен бiрге қаржы лизингiне берiлген (алынған) жер учаскесi бойынша лизинг алушы жер салығын төлеушi болып табылады.
Статья 1 ...497 498 499 500 501 ...773

Перейти к статье






Добавить комментарий к 499-бап ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ