Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР Салық кодексi
505-бап. Елді мекендердің жеріне (үй маңындағы учаскелерді қоспағанда) арналған базалық салықтық мөлшерлемелер

Ст. 505 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Елді мекендердің жеріне (үй маңындағы учаскелерді қоспағанда) арналған базалық салықтық мөлшерлемелер алаңның бір шаршы метріне есептегенде мына мөлшерлерде белгіленеді: 
Р/с
№ 
Елді мекеннің санаты 
Тұрғын үй қоры, оның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерді қоспағанда, елді мекендердің жеріне арналған базалық салықтық мөлшерлемелер (теңге) 
Тұрғын үй қоры, оның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерге арналған базалық салықтық мөлшерлемелер (теңге) 





Қалалар: 


1. 
Алматы 
28,95 
0,96 
2. 
Астана 
19,30 
0,96 
3. 
Ақтау 
9,65 
0,58 
4. 
Ақтөбе 
6,75 
0,58 
5. 
Атырау 
8,20 
0,58 
6. 
Қарағанды 
9,65 
0,58 
7. 
Қызылорда 
8,68 
0,58 
8. 
Көкшетау 
5,79 
0,58 
9. 
Қостанай 
6,27 
0,58 
10. 
Павлодар 
9,65 
0,58 
11. 
Петропавл 
5,79 
0,58 
12 
Талдықорған 
9,17 
0,58 
13. 
Тараз 
9,17 
0,58 
14. 
Орал 
5,79 
0,58 
15. 
Өскемен 
9,65 
0,58 
16. 
Шымкент 
9,17 
0,58 
17. 
Алматы облысы 


18. 
облыстық маңызы бар қалалар 
6,75 
0,39 
19. 
аудандық маңызы бар қалалар 
5,79 
0,39 
20. 
Ақмола облысы: 


21. 
облыстық маңызы бар қалалар 
5,79 
0,39 
22. 
аудандық маңызы бар қалалар 
5,02 
0,39 
23. 
Облыстық маңызы бар қалған қалалар 
облыс орталығы үшін белгіленген мөлшерлеменің 85 пайызы 
0,39 
24. 
Аудандық маңызы бар қалған қалалар 
облыс орталығы үшін белгіленген мөлшерлеменің 75 пайызы 
0,19 
25. 
Кенттер 
0,96 
0,13 
26. 
Ауылдар 
0,48 
0,09 
 

Бұл ретте елді мекендердің санаты техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышына сәйкес белгіленеді. 

2. Үй іргесiндегi жер учаскелерi мынадай базалық салықтық мөлшерлемелер бойынша салық салынуға жатады: 

1) Астана, Алматы қалалары және облыстық маңызы бар қалалар үшін: 

1000 шаршы метрге дейiн қоса алғандағы алаң болғанда – 1 шаршы метр үшiн 0,20 теңге; 

1000 шаршы метрден асатын алаңға – 1 шаршы метр үшін 6,00 теңге. 

Жергілiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша 1000 шаршы метрден асатын жер учаскелерiне арналған салықтық мөлшерлемелер 1 шаршы метр үшiн 6,0 теңгеден 0,20 теңгеге дейiн төмендетiлуi мүмкiн. 

2) қалған елдi мекендер үшiн: 

5000 шаршы метрге дейiн қоса алғандағы алаң болғанда – 1 шаршы метр үшiн 0,20 теңге; 

5000 шаршы метрден асатын алаңға – 1 шаршы метр үшін 1,00 теңге. 

Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша 5000 шаршы метрден асатын жер учаскелерiне арналған салықтық мөлшерлемелер 1 шаршы метр үшiн 1,00 теңгеден 0,20 теңгеге дейiн төмендетiлуi мүмкiн. 

Елдi мекендердiң тұрғын үйге (тұрғын ғимаратқа) қызмет көрсетуге арналған және тұрғын үй (тұрғын ғимарат), оның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналаспаған жерiне жататын жер учаскесiнiң бiр бөлiгi үй iргесiндегi жер учаскесi болып есептеледi.
Статья 1 ...503 504 505 506 507 ...773

Перейти к статье






Добавить комментарий к 505-бап ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ