Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Салық кодексi
506-бап. Төлемақы мөлшерлемелері



Ст. 506 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы



1. Осы баптың 2-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, төлемақы мөлшерлемелерін орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган айқындаған тәртіпке сәйкес жергiлiктi атқарушы органдар жасаған есеп-қисаптар негiзiнде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi өкiлдi органдары белгiлейдi.

2. Түбірімен босатылатын сүрек үшін төлемақы мөлшерлемесі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және орманды пайдалану құқығы туындайтын тиісті қаржы жылының бірінші күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі осы баптың мәтіні бойынша - АЕК) мөлшері негізге алына отырып, тығыз бір текше метр үшін айқындалады және мыналарды құрайды:
  
Рет
N
  
Ағаш-бұта тұқымдастарының атаулары
  
Жоғарғы бөлігіндегі дің кесіндісінің диаметріне қарай қабықсыз кәделі сүрек (АЕК)
  
Қабықты отындық сүрек (АЕК)
  
ірі (25 см және одан жуан)
  
орташа (13-тен 24 см-ге дейін)
  
ұсақ (3-тен 12 см-ге дейін)
  
1
  
2
  
3
  
4
  
5
  
6
  
1.
  
Қарағай
  
1,48
  
1,05
  
0,52
  
0,21
  
2.
  
Шренке шыршасы
  
1,93
  
1,37
  
0,68
  
0,27
  
3.
  
Сібір шыршасы, майқарағай
  
1,34
  
0,95
  
0,48
  
0,16
  
4.
  
Самырсын
  
1,19
  
0,85
  
0,41
  
0,15
  
5.
  
Балқарағай
  
2,67
  
1,91
  
0,93
  
0,23
  
6.
  
Ағаш тектес арша
  
1,79
  
1,26
  
0,63
  
0,27
  
7.
  
Емен, шаған
  
2,67
  
1,91
  
0,93
  
0,41
  
8.
  
Жабысқақ қара қандыағаш, үйеңкі, шегіршін, жөке
  
0,60
  
0,42
  
0,21
  
0,14
  
9.
  
Сексеуіл
  



0,60
  
10.
  
Қайың
  
0,69
  
0,48
  
0,23
  
0,16
  
11.
  
Көктерек, ағаш тектес тал, терек
  
0,52
  
0,37
  
0,18
  
0,11
  
12.
  
Грек жаңғағы, шекілдеуік жаңғақ
  
3,24
  
2,32
  
1,15
  
0,35
  
13.
  
Өрік, аққараған, алша, долана, шие, жиде, шетен, алхоры, мойыл, тұт ағашы, алма ағашы, өзге де ағаш тұқымдастар
  
1,90
  
1,35
  
0,68
  
0,23
  
14.
  
Ағаш тектес арша, самырсын
  


0,34
  
0,18
  
15.
  
Жыңғыл
  


0,3
  
0,25
  
16.
  
Сары қараған, бұта тектес талдар, шырғанақ, жүзгін, шеңгел және өзге де бұталар
  


0,19
  
0,12
  
 


3. Төлемақы мөлшерлемелеріне мынадай коэффициенттер қолданылады:

1) кеспеағаш аймағының жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдардан қашықтығына қарай:

10 км-ге дейін - 1,30;

10,1 - 25 км - 1,20;

25,1 - 40 км - 1,00;

40,1 - 60 км - 0,75;

60,1 - 80 км - 0,55;

80,1 - 100 км - 0,40;

100 км-дан астам - 0,30;

Кеспеағаш аймағының жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдардан қашықтығы кеспеағаш ортасынан жолға дейінгі қысқа аралық бойынша картографиялық материалдар бойынша айқындалады және жергілікті жердің бедеріне қарай мынадай коэффициенттер бойынша түзету жасалады:

жазық бедер - 1,1;

жоталы бедер немесе батпақты жер - 1,25;

таулы бедер - 1,5;

2) аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуді жүргізу кезінде - 0,6;

3) басты мақсатта пайдалану үшін іріктеп ағаш кесуді жүргізу кезінде - 0,8;

4) сүректі 20 градустан жоғары беткейлі тау жоталарынан босату кезінде - 0,7.

4. Сүректі түбірімен босату кезінде пайда болған кесінді қалдықтар үшін (ұшар басынан алынған ағаш) төлемақы мөлшерлемесі осы баптың 2-тармағында көрсетілген тиісті ағаш тұқымының отындық сүрегі мөлшерлемесінің 20 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

Ескерту. 506-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...504 505 506 507 508 ...688 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi) N 99-IV от 10.12.2008 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 506-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы