Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 509 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

ҚР Салық кодексi
509-бап. Автотұрақтарға (паркингтерге), автожанармай құю станцияларына бөлінген, казино орналасқан, сондай-ақ тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелеріне арналған салықтық мөлшерлемелер

1. Елді мекендердің автожанармай құю станцияларына бөлінген жеріне осы Кодекстің 505-бабы кестесінің 3-бағанында белгіленген елді мекендер жеріне арналған, он есе ұлғайтылған базалық мөлшерлемелер бойынша салық салынуға жатады. 

Автожанармай құю станцияларына бөлінген басқа санаттардағы жер жақын орналасқан елді мекеннің жері үшін осы Кодекстің 505-бабы кестесінің 3-бағанында белгіленген елді мекендер жеріне арналған, он есе ұлғайтылған базалық мөлшерлемелер бойынша салық салынуға жатады. Бұл ретте салықты есептеу кезінде жеріне базалық мөлшерлемелер қолданылатын жақын орналасқан елді мекенді жергілікті өкілді орган айқындайды. 

Жергілікті өкілді органның шешімі бойынша салық мөлшерлемелері төмендетілуі мүмкін, бірақ ол осы Кодекстің 505-бабында белгіленгеннен кем болмайды. 

2. Елдi мекендердiң казино орналасқан жерiне осы Кодекстiң 505-бабында белгiленген елдi мекендер жерiне арналған, он есе ұлғайтылған базалық мөлшерлемелер бойынша салық салынуға жатады. 

Казино орналасқан басқа да санаттардағы жерге, тұрғын үй қоры, оның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жердi қоспағанда, жақын орналасқан елдi мекеннің жерi үшiн осы Кодекстiң 505-бабында белгiленген елдi мекендердiң жерiне арналған, он есе ұлғайтылған базалық мөлшерлемелер бойынша салық салынуға жатады. 

Елдi мекеннiң жерiне салықты есептеу кезiнде қолданылатын базалық мөлшерлемелерді жергiлiктi өкiлдi орган белгiлейдi. 

Жергiлiктi өкiлдi органның шешiмi бойынша салық мөлшерлемелері төмендетiлуi мүмкiн, бiрақ ол осы Кодекстiң 505-бабында белгiленгеннен кем болмайды. 

3. Елді мекендердің автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жеріне осы Кодекстің 505-бабы кестесінің 3-бағанында белгіленген елді мекендердің жеріне арналған базалық мөлшерлемелер бойынша салық салынуға жатады. 

Автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген басқа санаттардағы жерге жақын орналасқан елді мекеннің жері үшін осы Кодекстің 505-бабы кестесінің 3-бағанында белгіленген елді мекендердің жеріне арналған базалық мөлшерлемелер бойынша салық салынуға жатады. Бұл ретте салықты есептеу кезінде жеріне базалық мөлшерлемелер қолданылатын жақын орналасқан елді мекенді жергілікті өкілді орган айқындайды. 

Автотұрақтар (паркингтер) орналасқан жерге арналған базалық салық мөлшерлемесі жергілікті өкілді органның шешімі бойынша ұлғайтылуы мүмкін, бірақ ол он еседен артық болмайды. Осы тармақта көзделген, жергілікті өкілді орган белгілейтін мөлшерлемелерді ұлғайту автотұрақтар (паркингтер) санаттарына қарай жүргізіледі. 

Бұл ретте жекелеген салық төлеушілер үшін жер салығының мөлшерлемелерін жеке-дара азайтуға немесе арттыруға тыйым салынады. 

4. Объектілер салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша осы Кодекстiң 505-бабы кестесінің 24 – 27-жолдарында көрсетілген мөлшерлемелерден басқа, осы Кодекстiң 505, 506 және 507-баптарында және осы бапта белгіленген базалық салық мөлшерлемелері жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкілетті орган меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға жер учаскесін мақсаты бойынша пайдалану және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықты жою қажеттігі туралы жазбаша нұсқаманы табыс еткен күннен бастап он есеге ұлғайтылады. 

Осы тармақтың бірінші бөлігінің және осы баптың 5-тармағының мақсаттары үшін тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелерін анықтау тәртібін жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды. 

Осы тармақтың ережелері екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымға және оның еншілес компанияларына қолданылмайды. 

5. Мақсаты бойынша пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша осы Кодекстің 503-бабында белгіленген базалық салық мөлшерлемелері меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық бөлімшесі Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы жазбаша нұсқаманы табыс еткен күннен бастап жиырма есеге ұлғайтылады. 

Осы тармақтың ережелері екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымға және оның еншілес компанияларына қолданылмайды. 

6. Осы баптың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген жер учаскелері бойынша мәліметтерді жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкілетті органның салық органдарына ұсыну тәртібін уәкілетті орган айқындайды. 

7. Мәліметтерін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық бөлімшесі ұсынатын осы баптың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген жер учаскелері бойынша жер салығын салық органдары салық төлеушіге есепке жазылған жер салығының сомасы туралы хабарлама жібере отырып, жер салығының белгіленген мөлшерлемелерін және жер учаскесінің алаңын негізге ала отырып есептейді. 

Ескерту. 509-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.12.2020 № 382-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 12.12.2023 № 45-VIII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...507 508 509 510 511 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться