Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 51 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

ҚР Салық кодексi
51-бап. Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша кейiнге қалдыруды немесе мерзiмiн ұзартуды беру тәртібі мен шарттары

1. Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша кейiнге қалдыру немесе мерзiмiн ұзарту салықтардың және (немесе) төлемақылардың сомаларын тиісінше бір мезгілде немесе кезең-кезеңмен төлей отырып, осы бапта көзделген негіздер болған кезде салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу мерзімін өзгертуді білдіреді. 

Салықтардың және (немесе) төлемақылардың сомаларын бір мезгілде төлей отырып, кейінге қалдыру алты айдан аспайтын мерзімге беріледі.  

Салықтардың және (немесе) төлемақылардың сомаларын тең үлестермен ай сайын немесе тоқсан сайын төлей отырып, мерзімін ұзарту үш жылдан аспайтын мерзімге беріледі. Бұл ретте салықтарды және (немесе) төлемақыларды бір жылдан астам мерзімге төлеу бойынша мерзімін ұзарту салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның жылжымайтын мүлкін кепілге қоюмен және (немесе) банк кепілдігімен ғана берілуі мүмкін. 

Кейiнге қалдыру немесе мерзiмiн ұзарту бір немесе бірнеше салық және (немесе) төлемақы бойынша берілуі мүмкін. 

2. Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша кейiнге қалдыру немесе мерзiмiн ұзарту қаржылық жағдайы салықты және (немесе) төлемақыны белгіленген мерзімде төлеуге мүмкіндік бермейтін, алайда оларды мынадай:  

1) салық төлеушіге еңсерілмейтін (әлеуметтік, табиғи, техногендік, экологиялық сипаттағы төтенше жағдайлар, әскери іс-қимылдар және еңсерілмейтін күштің өзге де мән-жайлары) салдарынан нұқсан келтіру; 

2) салық төлеушінің тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді өндіруінің және (немесе) өткізуінің маусымдық сипатта болуы; 

3) дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрмайтын жеке тұлғаның мүліктік жағдайы (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өндіріп алуды қолдануға болмайтын мүлікті есепке алмағанда) біржолғы салық төлеуге мүмкіндік бермеуі; 

4) соттың берешекті қайта құрылымдау рәсімін қолдану туралы шешім қабылдауы; 

5) салық төлеушінің негізгі қызмет түрінің Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес стратегиялық маңызы бар экономика саласына жатқызылуы; 

6) салық төлеушінің қосымша салықтық есептілікті ұсынуы; 

7) салық төлеушінің есепке жазылған салықтардың және (немесе) төлемақылардың тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген сомаларымен келісуі негіздерінің бірі болған кезде оларды төлеу мүмкіндігі кейiнге қалдыру немесе мерзiмiн ұзарту берілетін мерзім ішінде туындайды деп пайымдауға жеткілікті негіз болатын салық төлеушіге берілуі мүмкін. Осы тармақшаның ережелері салық төлеуші ретінде тіркелген күнінен бастап кейiнге қалдыруды немесе мерзiмiн ұзартуды беру туралы өтініш берген күнге дейінгі кезең бес жылдан кем болатын салық төлеушілерге қолданылмайды. 

3. Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімін өзгерту туралы өтінішке мынадай құжаттар: 

1) тиісті контрагент-дебиторлармен жасалған шарттардың бағалары (өзге де міндеттемелердің көлемдері мен олардың туындау негіздері) және оларды орындау мерзімдері көрсетіле отырып, салық төлеушінің контрагент-дебиторларының тізбесі, сондай-ақ осы шарттардың (міндеттеменің өзге де туындау негіздерінің бар-жоғын растайтын құжаттардың) көшірмелері қоса беріледі. Осы тармақшаның ережелері дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрмаған жеке тұлғаға қолданылмайды; 

2) осы баптың 4-тармағында көрсетілген, салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу мерзімін өзгерту үшін негіздердің бар-жоғын растайтын құжаттар; 

3) бағалаушының кепілге берілген мүліктің нарықтық құнын бағалау туралы есебі қоса берілген кепіл нысанасы болуы мүмкін мүлік туралы құжаттар не кепілдік беруші банк пен салық төлеуші арасында жасалған банк кепілдігі шарты және банк кепілдігі қоса беріледі. Бұл ретте бағалаушының кепілге берілген мүліктің нарықтық құнын бағалау туралы есебі салық төлеуші кейiнге қалдыруды немесе мерзiмiн ұзартуды беру туралы өтініш берген күнге дейін он жұмыс күнінен кейін жасалуға тиіс. 

4. Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу мерзімін өзгерту үшін негіздердің бар екенін растайтын құжаттар мыналар: 

осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша – тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың салық төлеушіге қатысты еңсерілмейтін күш мән-жайларының туындау фактісінің растамасы; 

осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіз бойынша – салық төлеуші жасаған және мұндай тұлғаның тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін жалпы кірісінде маусымдық сипатқа ие қызмет салалары мен түрлерінен түсетін кірісінің үлесі кемінде 50 пайызды құрайтынын растайтын құжат; 

осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген негіз бойынша – тиісті уәкілетті орган өтініш берілген күнге дейін он жұмыс күнінен кейін берген, жеке тұлғаның өтініш берілген күннің алдындағы жылғы кірістері, жылжымалы және жылжымайтын мүлкі туралы мәліметтер. 

5. Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімін өзгерту туралы немесе оны өзгертуден бас тарту туралы шешімді осы Кодекстің 50-бабына сәйкес осындай шешім қабылдауға уәкілеттік берілген орган уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық төлеушінің өтінішін алған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қабылдайды. Бұл ретте салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша мерзімін ұзартуды беру туралы шешімге салықтық міндеттемені орындау графигі қоса беріледі. 

Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімін өзгерту туралы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.  

6. Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімін өзгертуден бас тарту туралы шешім уәжді болуға тиіс. 

7. Салықтық міндеттемені орындау графигі салық төлеушінің уәжді өтініші негізінде қайта қаралуы мүмкін. 

Бұл ретте салықтық міндеттемені орындау графигі бір реттен асырылмай қайта қаралуы мүмкін. 

Ескерту. 51-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.01.2019 № 213-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.12.2021 № 85-VII (01.03.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.12.2022 № 165-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...49‑1 50 51 51‑1 51‑2 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться