Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 511 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 14.06.2018

ҚР Салық кодексi
511-бап. Салықты есептеу мен төлеудiң жалпы тәртiбi

1. Салықты есептеу осы тараудың ережелерін ескере отырып, әрбiр жер учаскесi бойынша жеке-жеке салықтық базаға тиiстi салық мөлшерлемесін қолдану арқылы жүргiзіледi. 

2. Егер осы тарауда өзгеше белгіленбесе, мемлекет жер учаскесіне меншік құқығын, тұрақты немесе бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығын берген кезде салық төлеуші жер салығын жер учаскесіне осындай құқықтар берілген айдан кейінгі айдан бастап есептейді. 

3. Жер учаскесiн иелену құқығы немесе пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда жер салығы жер учаскесiн пайдаланудың іс жүзіндегі кезеңi үшiн есептеледi. 

4. Жер салығы бюджетке жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша төленедi. 

5. Салық жылы iшiнде елдi мекендi қоныстың бiр санатынан басқасына ауыстырған кезде осындай ауыстыру жүргізілген салықтық кезең үшін жер салығы осы елді мекен осындай ауыстыруға дейін жатқызылған елді мекен санаты үшін белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі. 

6. Әкімшілік-аумақтық бірліктің шекаралары өзгерген кезде аумағы осындай өзгеріске байланысты басқа әкімшілік-аумақтық бірліктің шекарасына ауыстырылған елді мекенде орналасқан жер учаскелері бойынша осындай өзгеріс жүргізілген салықтық кезең үшін жер салығы осындай өзгеріс күніне дейін осы елді мекен шекарасында болған елді мекен санаты үшін белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі. 

7. Салық төлеушiлер иеленетін жер учаскелерi бонитетiнiң балын анықтау мүмкiн болмаған кезде жер салығының мөлшерi шектесiп орналасқан жердiң бонитет балы негiзге алына отырып айқындалады. 

8. Ортақ үлестiк меншiктегi салық салу объектiлерi бойынша салық осындай объектілердің жалпы алаңындағы әрбір меншік иесінің үлесiне пропорционалды есептеледi. 

9. Кондоминиум объектісінің бір бөлігі болып табылатын жер учаскесіне, пәтердің (тұрғынжайдың) меншік иесі – жеке тұлғаны қоспағанда, кондоминиум объектісінің бір бөлігі болып табылатын ортақ мүліктегі үй-жайдың (ғимараттың бір бөлігінің) әрбір меншік иесінің үлесіне пропорционалды жер салығы салынуға тиіс. 

Бұл ретте: 

1) жеке тұлғаны қоспағанда, ортақ мүліктегі тұрғын үй меншік иесінің үлесіне сәйкес келетін жер учаскесінің бір бөлігіне осы Кодекстің 505-бабында келтірілген кестенің 4-бағанында белгіленген елді мекендердің жеріне арналған базалық салықтық мөлшерлемелер бойынша жер салығы салынуға жатады; 

2) ортақ мүліктегі тұрғын емес үй-жайдың (тұрғын емес ғимараттың бір бөлігінің) меншік иесінің үлесіне сәйкес келетін жер учаскесінің бір бөлігіне осы Кодекстің 505-бабы кестесінің 3-бағанында белгіленген елді мекендердің жеріне арналған базалық салықтық мөлшерлемелер бойынша жер салығы салынуға жатады.

Статья 1 ...509 510 511 512 513 ...773

Перейти к статье






Добавить комментарий к 511-бап ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ