Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Салық кодексi
515-бап. Есептеу мен төлеу тәртiбi



Ст. 515 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы



1. Төлемақы сомасын байланыс саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган рұқсат құжаттарында көрсетiлген техникалық параметрлерге, оның ішінде таратушы радиоэлектрондық құралдың қуатына сәйкес радиобайланыс түрi мен радиожиiлiк спектрiн пайдалану аумағына қарай төлемақының жылдық мөлшерлемелері негiзiнде есептейдi.

2. Егер есептi салық кезеңiндегi радиожиiлiк спектрiн пайдалану кезеңi бiр жылдан кем болған жағдайда төлемақы сомасы жыл бойына есептелген төлемақы сомасын он екiге бөлiп, оны жыл бойы радиожиiлiк спектрi пайдаланылған айлардың тиісті санына көбейту арқылы айқындалады.

3. Байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар төлемақының жылдық сомасын көрсетiп хабарлама жазады және оны төлемақы төлеушiлерге ағымдағы есептi кезеңнің 20 ақпанынан кешiктiрмей жiбередi.

4. Радиожиiлiк спектрiн пайдалану құқығын куәландыратын рұқсат құжатын осы баптың 3-тармағында белгiленген мерзiмнен кейiн алған жағдайда, байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган салық төлеушiге төлемақы сомасын көрсете отырып, салық төлеушi радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат алған айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей хабарлама жiбередi.

5. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, жылдық төлемақы сомасы бюджетке төлемақы төлеушінің орналасқан жері бойынша тең үлестермен ағымдағы жылдың 25 наурызынан, 25 маусымынан, 25 қыркүйегінен және 25 желтоқсанынан кешіктірілмей төленеді.

Қызметін Қазақстан Республикасында жүзеге асырмайтын және Қазақстан Республикасында салық төлеушілер ретінде тіркелмеген шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар және бейрезидент заңды тұлғалар байланыс саласындағы мемлекеттік уәкілетті органның орналасқан жері бойынша бюджетке төлемақы төлейді.

6. Радиожиiлiк спектрiн пайдалану құқығын куәландыратын рұқсат құжатын осы баптың 3-тармағында белгiленген мерзiмнен кейiн алған жағдайда, рұқсат құжатын алған күннен кейiнгi кезектi мерзiм алғашқы төлеу мерзiмi болып табылады.

Ескерту. 515-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.18 N 546-IV (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...513 514 515 516 517 ...688 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi) N 99-IV от 10.12.2008 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 515-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы