Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 521 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 14.06.2018

ҚР Салық кодексi
521-бап. Салықтық мөлшерлемелер

1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, заңды тұлғалар мүлiк салығын салықтық базаға 1,5 пайыз мөлшерлеме бойынша есептейдi. 

2. Мүлік салығын салықтық базаға 0,5 пайыз мөлшерлеме бойынша мына төлеушілер есептейді: 

1) дара кәсіпкерлер; 

2) оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғалар. 

3. Төменде көрсетілген заңды тұлғалар мүлiк салығын салықтық базаға 0,1 пайыз мөлшерлеме бойынша есептейдi: 

1) дiни бiрлестiктердi және осы Кодекстің 289-бабының 4-тармағында көрсетілген коммерциялық емес ұйымдарды қоспағанда, осы Кодекстің 289-бабында айқындалған заңды тұлғалар; 

2) осы Кодекстiң 290-бабында айқындалған заңды тұлғалар; 

3) негiзгi қызмет түрi кiтапханалық қызмет көрсету саласындағы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын ұйымдар; 

4) мемлекеттiк меншіктегі және бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын су қоймаларының, су тораптарының объектiлерi бойынша заңды тұлғалар; 

5) ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушi заңды тұлғалардың және шаруа немесе фермер қожалықтарының жерін суару үшiн пайдаланылатын гидромелиоративтік құрылыс объектiлерi бойынша заңды тұлғалар; 

6) ауыз сумен жабдықтау объектілері бойынша заңды тұлғалар; 

7) тиісті объект бойынша салықтық міндеттеме туындаған салықтық кезеңді қоса алғанда, бес салықтық кезең ішіндегі салық салу объектілері бойынша – егер осы тармақтың 8) тармақшасында өзгеше белгіленбесе, арнайы экономикалық аймақтарды басқарушы компаниялар; 

8) тиісті объект бойынша салықтық міндеттеме туындаған салықтық кезеңді қоса алғанда, он салықтық кезеңнің ішіндегі салық салу объектілері бойынша – "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағын басқарушы компания; 

9) Астана және Алматы қалаларының әуеайлақтарындағы ұшу-қону жолақтарын және әуежайларының терминалдарын қоспағанда, әуеайлақтардағы ұшу-қону жолақтары және әуежайлардың терминалдары бойынша заңды тұлғалар; 

10) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген негізгі қызмет түрін өздері жүзеге асырған кезде пайдаланатын объектілер бойынша технологиялық парктер. 

Осы тармақшаның ережелерін бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін: 

Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес құрылған; 

осындай технологиялық парктердің дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) 50 және одан көп пайызы технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму институтына тиесілі технологиялық парктер қолдануға құқылы. 

Осы тармақшаның ережелері салық салу объектілерін пайдалануға, сенімгерлік басқаруға немесе жалға беру жағдайларында қолданылмайды; 

РҚАО-ның ескертпесі!

11) тармақша 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2018 № 121-VI Заңымен.

11) Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым. 

4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген заңды тұлғалар пайдалануға, сенімгерлік басқаруға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша: 

1) егер мұндай пайдалану, сенімгерлік басқару немесе жалға беру үшін төлемақы мемлекеттік бюджетке түсетін жағдайда – осы Кодекстің 290-бабының 2-тармағында; 

2) осы Кодекстің 290-бабының 3-тармағында айқындалған заңды тұлғаларды қоспағанда, осы баптың 1-тармағында белгіленген салық мөлшерлемесі бойынша мүлік салығын есептейді және төлейді.  

5. Мүлік салығын салықтық базаға 0 пайыз мөлшерлеме бойынша: 

1) осы Кодекстің 291-бабының 1-тармағында айқындалған заңды тұлғалар; 

2) осы Кодекстің 79-тарауында белгіленген ережелер ескеріле отырып, арнайы экономикалық аймақтар аумақтарында қызметін жүзеге асыратын ұйымдар есептейді. 

6. Тұрғын үй қатынастары саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган салық саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекіткен тізбеде айқындалған заңды тұлғалар салықты мемлекеттік және (немесе) үкіметтік тұрғын үй құрылысы бағдарламаларын іске асыру шеңберінде осы бағдарламаға қатысушы болып табылатын жеке тұлғаға тұрғынжайды ұзақ мерзімді жалдау шарттары бойынша берілген салық салу объектілері бойынша осы Кодекстің 531-бабында белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептейді.

Статья 1 ...519 520 521 522 523 ...773

Перейти к статье






Добавить комментарий к 521-бап ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ