Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Салық кодексi

ҚР Салық кодексi
528-бап. Жалпы ережелер



Ст. 528 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы




1. Сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырғаны үшін төлемақы (бұдан әрі – төлемақы) Қазақстан Республикасының аумағындағы жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін алынады.

1-1. Осы Кодекстің мақсаттары үшін сыртқы (көрнекі) жарнама деп:

РҚАО-ның ескертпесі!
1) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз).
1) астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда;

2) алып тасталды - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

3) аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің аумағы шегіндегі республикалық және облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде орналастырылған жарнамаларды қоспағанда, республикалық және облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде орналастырылған жарнамалар танылады.

2. Сыртқы (көрнекi) жарнама объектiсiн (бұдан әрi – жарнама объектiсi) орналастыру:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен белгiлi бiр мерзiмге Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор беретiн құжат негiзiнде халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде жарнама объектілерін орналастыру кезінде, ал облыстың жергілікті атқарушы органы беретiн құжат негiзiнде облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде жарнама объектiлерiн орналастыру кезiнде;

2) жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен беретiн рұқсат негізінде елді мекендерде жарнама объектілерін орналастыру кезінде жүргізіледі.

Жарнама объектiлерiн тиісті құжаттарсыз орналастыруға тыйым салынады.

3. Тиiстi рұқсат құжаты болмаған кезде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін нақты орналастыру төлемақы сомасын өндіріп алуға және бюджетке енгізуге негіз болып табылады.

4. Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор және жергілікті атқарушы органдар ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей рұқсат беру құжатында көрсетілген сыртқы (көрнекі) жарнама объектісі орналасқан жердегі салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәліметтер ұсынады.


Статья 1 ...526 527 528 529 530 ...688 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 528-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы