Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР Салық кодексi
536-бап. Салық мөлшерлемелері

Ст. 536 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Салық салу объектісінің бір бірлігінен ойын бизнесі салығының мөлшерлемесі мыналарды құрайды: 

1) ойын үстелі – айына айлық есептік көрсеткіштің 1 660 еселенген мөлшері; 

2) ойын автоматы – айына айлық есептік көрсеткіштің 60 еселенген мөлшері; 

3) тотализатордың кассасы – айына айлық есептік көрсеткіштің 300 еселенген мөлшері; 

4) тотализатордың электрондық кассасы – айына айлық есептік көрсеткіштің 4 000 еселенген мөлшері; 

5) букмекерлік кеңсенің кассасы – айына айлық есептік көрсеткіштің 300 еселенген мөлшері; 

6) букмекерлік кеңсенің электрондық кассасы – айына айлық есептік көрсеткіштің 3 000 еселенген мөлшері. 

Осы баптың 1-тармағында белгіленген салық мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және салықтық кезеңнің 1-күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш мөлшері негізге алына отырып айқындалады.
Статья 1 ...534 535 536 537 538 ...773

Перейти к статье






Добавить комментарий к 536-бап ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ