Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Салық кодексi
538-бап. Қазақстан Республикасының визаларын берген, Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кетуге құжаттарды ресімдеген, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларды ресімдеген және келіскен, Қазақстан Республикасының азаматтығын алған, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiрген немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатқан кездегi мемлекеттiк баж мөлшерлемелері



Ст. 538 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы



Қазақстан Республикасының визаларын беруге, Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кетуге құжаттарды ресімдеуге, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларды ресімдеуге және келісуге, Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiруге немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға байланысты әрекеттер жасағаны үшiн мынадай мөлшерде мемлекеттік баж алынады: 

1) Қазақстан Республикасының аумағында шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға мынадай құқыққа виза бергенi, қалпына келтіргені немесе ұзартқаны үшiн: 

Қазақстан Республикасынан кетуге – 50 пайыз; 

Қазақстан Республикасына келуге және Қазақстан Республикасынан кетуге – 700 пайыз; 

көп рет Қазақстан Республикасына келуге және Қазақстан Республикасынан кетуге – 3000 пайыз; 

2) Қазақстан Республикасының азаматтарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кетуге құжаттарды ресімдегені үшін – 100 пайыз; 

3) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына жеке істері бойынша келуіне шақыруларды ресімдегені, Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын келіскені үшін – әрбір шақырылатын адам үшін 50 пайыз; 

4) Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiру, Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату туралы құжаттарды ресiмдегенi үшiн – 100 пайыз. 

Ескерту. 538-бап жаңа редакцияда - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...536 537 538 539 540 ...688 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 538-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы