Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Салық кодексi

ҚР Салық кодексi
54-бап. Салық міндеттемесінің тоқтатылуы



Ст. 54 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы



1. Жеке тұлғаның салық міндеттемесі:  

1) қайтыс болғанда;  

2) күшіне енген сот шешімі негізінде оны қайтыс болды деп жариялағанда; 

3) "Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген жағдайларда, тәртіппен және шарттармен тоқтатылады. 

2. Дара кәсіпкердің салық міндеттемесі дара кәсіпкер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметін тоқтатқаннан кейін тоқтатылады.  

3. Заңды тұлғаның салық міндеттемесі:  

1) таратылғаннан кейін;  

2) қосылу (қосылған заңды тұлғаға қатысты), бірігу және бөліну жолымен қайта ұйымдастырылғаннан кейін тоқтатылады. 

Ескерту. 54-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.11.2015 № 400-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2. ЕРЕКШЕ БӨЛІМ
3-БӨЛІМ. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР


Статья 1 ...52 53 54 55 56 ...688 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 54-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы