Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР Салық кодексi
540-бап. Қосымша төлемді есептеу мен төлеу тәртібі

Ст. 540 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018

1. Қосымша төлем кірістің шекті мөлшерінен асып кететін сомаға осы Кодекстің 313-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдану арқылы есептеледі және ол есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 25-күнінен кешіктірілмей төленуге жатады. 

2. Ойын бизнесі салығын төлеушілер ойын бизнесі саласындағы бірнеше қызмет түрін жүзеге асырған кезде қосымша төлем ойын бизнесі саласындағы әрбір қызмет түрінен алынған кірістен жеке-жеке есептеледі. 

3. Осы Кодекстің 534-бабында көрсетілмеген және ойын бизнесі саласына жатпайтын кәсіпкерлік қызметтің өзге де түрлерін жүзеге асыру кезінде ойын бизнесі салығын төлеушілер қызметтің көрсетілген түрлері бойынша кірістер мен шығыстардың бөлек есебін жүргізуге және жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен бюджетпен есеп айырысу жүргізуге міндетті.

Статья 1 ...538 539 540 541 542 ...773

Перейти к статье






Добавить комментарий к 540-бап ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ