Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Салық кодексi

ҚР Салық кодексi
545-бап. Зияткерлiк меншiк саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган заңды мәнi бар iс-әрекеттер жасаған кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату



Ст. 545 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы



Зияткерлiк меншiк саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган заңды мәнi бар iс-әрекеттер жасаған кезде:  

1) қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар мен мүгедектер;  

2) толық мемлекет қамқорлығындағы және жатақханаларда тұратын мектеп-интернаттардың, кәсiптiк мектептер мен кәсiптiк лицейлердiң оқушылары;  

3) оралмандар; 

4) Кеңес Одағының батырлары, Социалистiк Еңбек ерлерi, Даңқ орденінің үш дәрежесiмен және Еңбек Даңқы орденінің үш дәрежесімен, "Алтын Қыран", "Отан" ордендерiмен наградталған, "Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарын алған адамдар, "Ардақты ана" атағын алған, "Алтын алқа", "Күмiс алқа" алқаларымен наградталған көп балалы аналар;  

5) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердің ата-аналарының бірі, сондай-ақ Чернобыль апаты салдарынан зардап шеккен азаматтар мемлекеттiк баж төлеуден босатылады.  

Ескерту. 545-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 10.12.2013 № 153-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...543 544 545 546 547 ...688 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 545-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы