Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Салық кодексi
548-бап. Төленген мемлекеттiк баж сомаларын қайтару



Ст. 548 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы



1. Төленген мемлекеттiк баж сомасы:

1) талапкер өз талаптарын азайтатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк баж осы Кодекс бойынша талап етiлгеннен көбiрек мөлшерде енгiзiлген;

1-1) іс төрелікке берілген;

1-2) іс бірінші және апелляциялық сатылардағы соттарда тараптардың татуласу келісімімен, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісіммен аяқталған жағдайда – толық көлемде, кассациялық сатыдағы сотта – сот актісін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхат берген кезде төленген соманың 50 пайызы мөлшерінде;

1-3) алып тасталды - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі);

2) арыздар (шағымдар) қайтарылған немесе оны қабылдаудан бас тартылған, сондай-ақ нотариустар немесе осыған уәкiлеттi адамдар нотариаттық iс-әрекеттердi жасаудан бас тартқан;

3) iс жүргiзу тоқтатылған немесе, егер iс соттың қарауына жатпайтын болса, сондай-ақ талапкер осы iстер санаты үшiн белгiленген дауды алдын ала шешудiң тәртiбiн сақтамаған не талап қоюды әрекетке қабiлетсiз адам табыс еткен жағдайда талап қою қараусыз қалдырылған;

4) мемлекеттiк бажды төлеген адамдар заңдық мәні бар iс-әрекеттердi жасаудан немесе осы заңдық мәні бар iс-әрекеттердi жасаған органға жүгiнгенге дейiн құжатты алудан бас тартқан;

4-1) сот актісін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы кассациялық шағым немесе өтінішхат қайтарылған;

5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген өзге де жағдайларда iшiнара немесе толық қайтарылуға жатады.

1-1. Мемлекеттік баж:

1) талапкер талап қоюдан бас тартқан;

2) талапкер өз талаптарын азайтқан;

2-1) сот бұйрығы күшін жойған жағдайларда, қайтарылмайды.

3) алып тасталды - ҚР 17.11.2014 № 254-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

2. Салық органы мемлекеттiк бажды қайтару үшiн негiз болып табылатын тиiстi мемлекеттік органның құжатын, сондай-ақ мемлекеттiк баждың төленгенiн растайтын құжатты салық төлеушiден алғаннан кейiн, егер аталған құжаттар салық органына мемлекеттiк баж сомасы бюджет есебіне жазылған күннен бастап үш жыл мерзiм өткенге дейiн табыс етiлген болса, төленген мемлекеттiк баж сомасын қайтару туралы салықтық өтiнiштi қарайды.

3. Бюджетке төленген мемлекеттік баж сомасын салық төлеушінің банктік шотына қайтаруды салық органдары оның мемлекеттік баж сомасын төлегені туралы төлем құжаты қоса берілген салықтық өтінішінің, сондай-ақ тиісті органның оны қайтару үшін негіз болып табылатын құжатының негізінде жүргізеді.

4. Сот оның пайдасына іс бойынша тарап болып табылатын мемлекеттік мекемеден мемлекеттік бажды өндіріп алу туралы шешім шығарған төлеушіге мемлекеттік баж сомасын қайтаруды салық органы мемлекеттік баждың бюджетке төленгені туралы төлем құжаты мен заңды күшіне енген сот шешімі қоса берілген мемлекеттік баж төлеушінің салықтық өтініші негізінде жүргізеді.

5. Бюджетке төленген мемлекеттік баж сомасын қайтаруды ол төленген жердегі салық органдары, қайтаруға салықтық өтініш берілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік баж сомасы есебіне жазылған бюджеттік сыныптаманың тиісті кодынан жүргізеді.

6. Мемлекеттік баж сомасын қайтаруды жүзеге асырғаннан кейін салық органы салық төлеушіге және (немесе) мемлекеттік мекемеге сот шешімінің орындалғандығы туралы хабарлама жібереді.

7. Мемлекеттік баж сомасын қайтару құжаттары салық органына мемлекеттік баж сомасы бюджет есебіне жазылған күннен бастап үш жыл мерзім өткенге дейін табыс етілуге тиіс.

Ескерту. 548-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2011.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.02.17 N 565-IV (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 125-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.11.2014 № 254-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 

§ 2. Консулдық алым


 РҚАО-ның ескертпесі!

549-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...546 547 548 549 550 ...688 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi) N 99-IV от 10.12.2008 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 548-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы