Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР Салық кодексi
555-бап. Жалпы ережелер

Ст. 555 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.04.2018
1. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы (бұдан әрі осы параграфтың мақсаттарында – төлемақы) мынадай: 

1) ойын бизнесі саласында; 

2) алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі; 

3) алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде алынады.  

2. Лицензиарлар тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей салық төлеушінің тұрған жеріндегі салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәлімет береді.
Статья 1 ...553 554 555 556 557 ...773

Перейти к статье






Добавить комментарий к 555-бап ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ