Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Салық кодексi
556-бап. Салықтық бақылау



Ст. 556 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы



1. Салықтық бақылау - Қазақстан Республикасының салық заңнамасы, орындалуын бақылау салық органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасы нормаларының орындалуына салық органдары жүзеге асыратын мемлекеттік бақылау.  

2. Салықтық бақылау:  

1) салықтық тексеру нысанында;  

2) мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарында жүзеге асырылады.  

3. Салықтық бақылаудың осы нысандары шеңберінде:  

РҚАО-ның ескертпесі!

1) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 16.11.2015 № 406-V Заңымен (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

РҚАО-ның ескертпесі!

1) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

1) салық міндеттемесінің, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау мен аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеу бойынша міндеттердің орындалуын есепке алу;  

2) бақылау-кассалық машиналарды қолдану тәртібінің сақталуына бақылау;  

3) акцизделетін тауарларға, сондай-ақ авиациялық отынға, биоотынға және мазутқа бақылау; 

4) трансферттік баға белгілеу кезіндегі бақылау;  

5) мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдырылуға жататын) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуына бақылау;  

6) Қазақстан Республикасының салық заңнамасын орындауға бағытталған функцияларды жүзеге асыру бойынша міндеттерді орындау бөлігінде уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылау жүзеге асырылады.  

4. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысаны шеңберінде:  

1) салық төлеушілерді салық органдарында тіркеу;  

2) салықтық нысандарды қабылдау;  

3) камералдық бақылау;  

4) ірі салық төлеушілердің мониторингі;  

5) салықтық зерттеп-қарау; 

6) этил спиртін өндіруді жүзеге асыратын ұйымдарда этил спиртін есепке алуды бақылау; 

7) өтініш берушінің этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі мен айналымы бойынша қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау жүзеге асырылады. 

РҚАО-ның ескертпесі!

556-бапты 4-1-тармақпен толықтыру көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

5. Салықтық тексеруді жүргізудің жалпы тәртібі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. 

6. Салықтық тексеруді жүргізу тәртібі мен мерзімінің ерекшеліктері осы Кодексте айқындалады.  

7. Алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

8. Кеден органдары өз құзыреті шегінде осы Кодекске және Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Кеден одағының кеден шекарасы арқылы тауарлардың өткізілуiмен байланысты салықтық бақылауды жүзеге асырады, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін және төленуге тиiсті салықтар бойынша мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданады.  

Ескерту. 556-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2010.06.30 № 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 № 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.06.2013 № 106-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т. қараңыз); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...554 555 556 557 558 ...688 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi) N 99-IV от 10.12.2008 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 556-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы