Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Салық кодексi
557-бап. Салық құпиясы



Ст. 557 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы



1. Мына мәліметтерді:

1) жеке тұлғаларды қоспағанда, салық төлеуші (салық агенті) төлеген (аударған) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасы туралы;

2) салық төлеушіге есептелген салық сомасынан есепке жатқызылуға тиіс қосылған құн салығы сомасының асып кетуін бюджеттен қайтару сомасы туралы;

3) салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегінің сомасы туралы;

4) әрекетсіз салық төлеушілер және соттың заңды күшіне енген үкімінің не қаулысының негізінде жалған кәсіпорындар деп танылған салық төлеушілер туралы;

4-1) осы Кодекстің 20-бабында көзделген жағдайда уәкілетті органның интернет-ресурсындағы дерекқорда орналастыруға жататындар;

5) салық төлеушінің таратылуымен (қызметін тоқтатуымен) байланысты құжаттық тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш беруі туралы;

6) жеке тұлғаларды қоспағанда, салық төлеушіге (салық агентіне) салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есепке жазылған сомасы туралы;

6-1) жеке тұлғаларға мүлік салығының, жер салығының, көлік құралдары салығының есепке жазылған сомасы туралы;

6-2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзған салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты қолданылған жауапкершілік шаралары туралы;

7) осы Кодекстің 197-бабына сәйкес қызметін тұрақты мекеме, филиал, өкілдік арқылы немесе тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын бейрезидент салық төлеуші ретінде тіркеудің бар (жоқ) екендігі туралы;

8) салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) мынадай тiркеу деректерi:

сәйкестендiру нөмiрi;

жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда);

дара кәсiпкердiң, заңды тұлғаның атауы;

салық төлеушiнi (салық агентiн) тiркеу есебiне қою күнi, тiркеу есебiнен шығару күнi, тiркеу есебiнен шығару себебi;

қызметтi тоқтата тұрудың басталған және аяқталған күнi;

салық төлеушiнiң резиденттiгi;

бақылау-касса машинасының салық органындағы тіркеу нөмірі;

бақылау-касса машинасын пайдалану орны туралы;

қолданылатын салық режимі туралы;

РҚАО-ның ескертпесі!

1-тармақты 8-1), 8-2) және 8-3) тармақшалармен толықтыру көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

9) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі);

10) салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігін табыс етпеуі туралы;

11) Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес құпия ақпарат болып табылмайтын;

12) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен есептелетін, салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық жүктемесінің коэффиценті туралы мәліметтерді қоспағанда, салық органы салық төлеуші (салық агенті) туралы алған кез кезген мәліметтер салық құпиясы болып табылады.

2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салық органдары салық төлеуші (салық агенті) туралы салық құпиясы болып табылатын мәліметтерді, басқа тұлғаға салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатынсыз бере алмайды.

3. Салық органдары салық төлеуші (салық агенті) туралы салық құпиясын құрайтын мәліметтерді салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан мынадай жағдайларда:

1) қағаз жеткізгіште не электрондық құжат нысанындағы прокурор санкциялаған уәжді сұрау салудың негізінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген құзыреттері шегінде құқық қорғау органдарына және арнаулы мемлекеттік органдарға береді. Мұндай мәліметтерді прокурор сұратқан жағдайда санкция талап етілмейді;

2) осы Кодексте белгіленген тәртіппен салық төлеушінің салық міндеттемесін, салық агентінің салықтарды есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндеттерін айқындау немесе салықтық құқық бұзушылықтар үшін жауаптылық туралы істерді қарау барысында сотқа;

3) сот санкциясымен, ал заңды күшіне енген сот актілерінің негізінде жазылған атқару құжаттары бойынша соттың санкциясынсыз атқару құжаттарын орындау барысында оның Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген құзыреті шегінде сот орындаушысына береді.

Осындай мәліметтерді беру тәртібін атқару құжаттарының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп уәкілетті орган белгілейді;

4) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға береді.

Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган салық құпиясы болып табылатын мәліметтерге қол жеткізе алатын лауазымды адамдардың тізбесін бекітеді;

5) қаржы мониторингi жөніндегі уәкiлетті мемлекеттік органға береді.

Қаржы мониторингi жөніндегі уәкiлетті мемлекеттік орган салық құпиясын құрайтын мәліметтерге қол жеткізе алатын лауазымды адамдарды тізбесін бекітеді;

5-1) сыртқы мемлекеттік аудитті жүргізу кезінде қажетті мәліметтер бөлігінде сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдарына береді.

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті cалық құпиясын құрайтын мәліметтерге рұқсаты бар сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдары лауазымды адамдарының тiзбесiн бекітеді.

Салық құпиясын құрайтын, ұсынылатын мәліметтердің тізбесін және оларды ұсыну тәртібін уәкілетті орган республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетімен бірлесіп белгілейді;

6) салық тексеруін жүргізуге маман ретінде тартылған тұлғаға;

7) Қазақстан Республикасы тараптардың бірі болып табылатын салық немесе құқық қорғау органдары арасындағы өзара ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарға (келісімдерге), сондай-ақ Қазақстан Республикасы халықаралық ұйымдармен жасасқан шарттарға сәйкес басқа мемлекеттердің салық немесе құқық қорғау органдарына, халықаралық ұйымдарға береді;

8) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы бойынша салық есептілігін қамтитын мәліметтер бөлігінде өндірушілердің заңды мекенжайларын, өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген өнімнің (тауарлардың) көлемдері мен түрлерін көрсете отырып, өндірушілер туралы;

9) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға береді.

Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган салық құпиясын құрайтын мәліметтерге қол жеткізе алатын лауазымды адамдардың тізбесін бекітеді. Ұсынылатын салық құпиясын құрайтын мәліметтердің тізбесін және оларды беру тәртібін мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп уәкілетті орган белгілейді;

10) оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органға береді.

Оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті орган салық құпиясын құрайтын мәліметтерге қолжетімділігі бар лауазымды адамдардың тізбесін бекітеді.

11) мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті мәліметтер бөлігінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы мен мемлекеттік органдарға береді.

 РҚАО-ның ескертпесі!

11) тармақшаның екінші бөлігін алып тастау көзделген - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

Ұсынылатын салық құпиясын құрайтын мәліметтердің тізбесін және оларды ұсыну тәртібін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен және осы тармақшада көрсетілген мемлекеттік органдармен бірлесіп уәкілетті орган белгілейді;

РҚАО-ның ескертпесі!

12) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

РҚАО-ның ескертпесі!

12) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

12) Қазақстан Республикасының заңнамасында салық құпиясын құрайтын салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер беру көзделген мемлекеттік органдарға және (немесе) тұлғаларға береді;

13) монополияға қарсы органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өкiлеттiктердi жүзеге асыру үшiн қажеттi мәлiметтер бөлiгiнде бередi.

Салық құпиясын құрайтын ұсынылатын мәліметтердің тізбесін және оларды ұсыну тәртібін монополияға қарсы органмен бірлесіп, уәкілетті орган белгілейді;

14) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу үшін қажетті мәліметтер бөлігінде береді.

Салық құпиясын құрайтын ұсынылатын мәліметтердің тізбесін және оларды ұсыну тәртібін кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, уәкілетті орган белгілейді;

15) кеден ісі саласындағы уәкілетті органға береді.

Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган салық құпиясын құрайтын мәліметтерге қолжетімділігі бар лауазымды адамдардың тізбесін бекітеді;

16) республикалық бюджеттің атқарылуы және жергілікті бюджеттердің атқарылуына қызмет көрсету саласындағы уәкілетті органға береді.

Республикалық бюджеттің атқарылуы және жергілікті бюджеттердің атқарылуына қызмет көрсету саласындағы уәкілетті орган салық құпиясын құрайтын мәліметтерге қолжетімділігі бар лауазымды адамдардың тізбесін бекітеді.

17) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда сыртқы сауда қызметі саласындағы уәкілетті органға береді.

Салық құпиясын құрайтын, ұсынылатын мәліметтердің тізбесін және оларды ұсыну тәртібін сыртқы сауда қызметі саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, уәкілетті орган белгілейді.

18) ұлттық және шетел валютасын репатриациялау талабының орындалуын бақылау және валюталық бақылау агенті болып табылатын уәкілетті банктерге беру үшін қажетті мәліметтер бөлігінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне береді.

 РҚАО-ның ескертпесі!

3-тармақты 19) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

Салық құпиясын құрайтын ұсынылатын мәліметтердің тізбесі және оларды ұсыну тәртібі уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекітетін Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру және резиденттердің экспорт және импорт бойынша келісімшарттардың есепке алу нөмірлерін алу қағидаларында белгіленеді.

3-1. Салық органдары "Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жария етуді жүргізу процесінде алған салық төлеуші туралы мәліметтер мен ақпаратқа осы баптың 3-тармағының нормалары қолданылмайды.

 РҚАО-ның ескертпесі!

4-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

4. Салық құпиясын:

осы бапта белгіленген жағдайларды қоспағанда, салық органдарының лауазымды адамдары;

Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес мәліметтерді үшінші тұлғаларға беруге Қазақстан Республикасының заңнамасымен уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарды қоспағанда, осы бапта белгіленген тәртіппен салық органдарынан салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді алған өзге де мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары жария етпеуге тиіс.

5. Салық органдарының лауазымды адамдары, салық органдарынан салық төлеуші (салық агенті) туралы салық құпиясы болып табылатын мәліметтерді алған өзге мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары, аталған органдарда жұмыс істеген кезеңде де, сондай-ақ өзі қызметтен босағаннан кейін де мұндай мәліметтерді жария етуге құқылы емес.

Салықтық тексеруді жүргізуге тартылған мамандар, салықтық тексеруді жүргізу кезінде өздерінің міндеттерін орындау кезінде де, сондай-ақ оларды орындауды аяқтағаннан кейін де салық құпиясын жария етпеуге тиіс.

6. Салық құпиясы болып табылатын мәліметтері бар құжаттарды жоғалту не осындай мәліметтерді жария ету Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

Ескерту. 557-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.12.10 N 100-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.07.21 № 467-IV (2011.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2013.01.08 N 64-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.03.2013 N 81-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 13.06.2013 N 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.06.2013 № 106-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т. қараңыз) Заңдарымен; 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; 05.12.2013 № 152-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 07.03.2014 N 177-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 08.06.2015 № 317-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.11.2015 № 393-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015 № 400-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 407-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 15-баптан қараңыз) ; 26.07.2016 № 12-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 

 РҚАО-ның ескертпесі!

558-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...555 556 557 558 559 ...688 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi) N 99-IV от 10.12.2008 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 557-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы