Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Салық кодексi

ҚР Салық кодексi
558-бап. Салықтық зерттеу



Ст. 558 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы




1. Салықтық зерттеу – салық төлеушінің (салық агентінің) тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша жұмыс уақытында салық органдары: 

тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша салық төлеушінің (салық агентінің) іс жүзінде болуын немесе болмауын растау; 

осы Кодекстің 637-бабының 2-тармағында көрсетілген жағдайда салықтық тексеру актісін салық төлеушіге (салық агентіне) тапсыру; 

осы Кодекстің 608-бабының 1-1-тармағында көрсетілген жағдайда салық төлеушіге (салық агентіне) осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген хабарламаны тапсыру; 

салық төлеушіге (салық агентіне) мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімді және (немесе) билік етуі шектелген мүлік тізімдемесінің актісін тапсыру мақсатында жүзеге асыратын салықтық бақылаудың өзге нысаны. 

Салықтық зерттеп-тексеруді жүргізуге қатысу үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен куәгерлер тартылады. 

2. Мыналар: 

1) салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тексеруді жүргізу туралы хабарламаны, нұсқаманы, камералдық бақылау нәтижелері бойынша қорытындыны, салықтық тексеру актісін, мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімді және (немесе) билік етуі шектелген мүлік тізімдемесінің актісін табыс етудің мүмкін болмауы; 

2) салық төлеушінің (салық агентінің) орналасқан жері бойынша болмауы себепті салық органы хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы жіберген осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген хабарламаны почта немесе өзге байланыс ұйымының қайтаруы. 

Бұл ретте банк шоты бар салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты осы тармақшада көзделген негіз бойынша зерттеу осындай хатты почта немесе өзге байланыс ұйымы қайтарған күннен бастап бес жұмыс күні өткеннен кейін жүргізіледі. 

Осы тармақшаның ережелері осы Кодекстің 608-бабының 1-2-тармағында көзделген жағдайда қолданылмайды; 

3) осы Кодекстің 228-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын салық төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша нақты болуын немесе болмауын растаудағы қажеттілік; 

4) осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген хабарламаны орындамаған салық төлеушінің, сондай-ақ осы Кодекстің 579-бабына сәйкес әрекетсіз деп танылған салық төлеушінің іс жүзінде бар немесе жоқ екенін растау қажеттілігі салықтық зерттеп-тексеруді жүргізу үшін негіз болып табылады. 

Салықтық зерттеп тексеруді жүргізу үшін осы тармақшада көзделген негіздеме, осы Кодекстің 73 және 74-баптарында белгіленген тәртіппен салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұрған салық төлеушілерге қатысты қолданылмайды. 

3. Салықтық зерттеудің нәтижесі бойынша салықтық зерттеу актісі жасалады, онда мыналар көрсетіледі:  

актінің жасалған орны, күні мен уақыты;  

актіні жасаған салық органының лауазымды адамының лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда);  

салық органының атауы;  

тартылған куәгерлердің тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен нөмірі, тұрғылықты жерінің мекен-жайы;  

салық төлеушінің (салық агентінің) тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) және (немесе) атауы, оның сәйкестендіру нөмірі;  

салықтық зерттеудің қорытындысы туралы ақпарат. 

Салық органы салық төлеушiнiң тіркелген деректерінде көрсетілген, оның орналасқан жерiнде болмауын анықтаған салықтық актіні жасаған күннен кейiнгi күннен кешiктiрмей, мұндай салық төлеушiнiң сәйкестендiру нөмiрiн, атауын немесе тегiн, атын, әкесiнiң атын (ол бар болса), салықтық тексеру актiсiн жүргiзу күнiн көрсете отырып, ол туралы ақпаратты уәкiлеттi органның интернет-ресурсына орналастырады. 

4. Осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген негіз бойынша жүргізілген салықтық зерттеу нәтижесінде салық төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша іс жүзінде болмауы анықталған жағдайда, мұндай салық төлеушіге салық органы салық төлеушінің орналасқан жерін (жоқтығын) растау туралы хабарлама жібереді. 

5. Салық органы осы баптың 4-тармағында көрсетілген хабарламаны жіберген күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде салық төлеуші салық органына келу тәртібімен салықтық зерттеу кезінде болмау себептері туралы жазбаша түсіндірме беруге міндетті. 

Салықтық зерттеп-тексеру кезінде болмау себептері туралы жазбаша түсіндірмеге осы Кодекстің 568-бабы 7-тармағының 1) тармақшасында белгіленген тәртіппен салық төлеушінің орналасқан жерін растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері міндетті түрде қоса беріледі. 

Салық төлеуші осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген талапты орындамаған жағдайда, салық органы: 

осы Кодекстің 611-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес мұндай салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады 

немесе 

жазбаша түсіндірме ұсынуға осы тармақта белгіленген мерзімнің соңғы күніне мұндай салық төлеушіде ашылған банк шоттары болмаған жағдайда, осы Кодекстің 571-бабы 4-тармағында белгіленген тәртіппен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен алуды жүргізеді. 

6. Осы баптың 5-тармағында көрсетілген салық төлеуші өзінің банк шоттары бойынша шығыс операциялары тоқтатыла тұрған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде салық органына келу тәртібімен салықтық зерттеу кезінде орналасқан жері бойынша болмау себептері туралы жазбаша түсіндірме табыс етуге міндетті. 

Салық төлеуші осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген талапты орындамаған жағдайда, салық органы осы Кодекстің 571-бабының 4-тармағында белгіленген тәртіппен мұндай салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен алып тастайды. 

Ескерту. 558-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2011.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-б. қараңыз); 05.12.2013 № 152-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...556 557 558 559 560 ...688 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 558-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы