Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Салық кодексi
563-бап. Салық төлеушiлердің мемлекеттік деректер базасындағы тiркеу деректерін өзгерту және толықтыру



Ст. 563 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы




1. Салық органдары салық төлеуші ретінде тіркеу кезінде ұсынылған тіркеу деректеріне:  

1) жеке тұлғаның – Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінің мәліметтері негізінде;  

2) резидент заңды тұлғаның және оның құрылымдық бөлімшесінің, бейрезидентзаңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің - Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінің мәліметтері немесе тиімді басқару орны (басқару органының нақты орналасқан жері) Қазақстан Республикасында болатын шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға ретінде тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініштің негізінде;  

3) Қазақстан Республикасындағы қызметін филиал, өкілдік ашпай тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаның - тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініші негізінде;  

4) осы Кодекстің 197-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығына ие тұлғаның орналасқан жері өзгерген кезде, осы Кодекстің 197-бабының 5-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын бейрезиденттің – осындай бейрезидентті салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініштің немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану саласындағы құзыреті шегінде мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың осы Кодекстің 197-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген акцияларды, қатысу үлестерін бейрезиденттің сатып алуы туралы мәліметтері негізінде; 

4-1) резидент заңды тұлғаның орналасқан жері өзгерген кезде 561-баптың 2-тармағының 4-1) тармақшасында көрсетілген бейрезиденттің – Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінің осындай резидент туралы мәліметтері негізінде; 

5) Қазақстан Республикасында тiркелген шетел мемлекетінің дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiгінің – тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініші негізінде;  

6) осы Кодекстің 191-бабы 5-тармағына сәйкес бейрезиденттiң тұрақты мекемесi ретінде қарастырылатын қызметін тәуелді агент арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің – тәуелді агенттің салық органына берген салықтық өтініші негізінде;  

7) резидент банкте ағымдағы шоты бар бейрезидент жеке және заңды тұлғаның – банк хабарламасының негізінде, өзгерістер мен толықтырулар енгізуді жүзеге асырады.  

2. Заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшесінің бюджетпен есеп айырысу бойынша жауапты қызметкері, телефон нөмірі, электрондық почта мекенжайы туралы мәліметтерді өзгерту тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш негізінде жүзеге асырылады. 

2-1. Резидент заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшесінің, бейрезидентзаңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің басшысы туралы мәліметтерді өзгерту тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш негізінде жүзеге асырылады. 

Резидент заңды тұлғаның басшысы туралы мәліметтерді өзгерту үшін берілген салықтық өтінішке заңды тұлғаға қатысушылардың (акционерлердің) жалпы жиналысының немесе бір қатысушыдан (акционерден) тұратын заңды тұлғаға бір қатысушының (акционердің) заңды тұлғаның атқарушы органын тағайындау туралы шешімінің нотариат куәландырған көшірмесі қоса беріледі. 

Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің басшысы туралы мәліметтерді өзгерту үшін берілген салықтық өтінішке заңды тұлғаның уәкілетті органының заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің басшысын тағайындау туралы шешімінің не оның өкілеттігін растайтын өзге құжатының нотариат куәландырған көшірмесі қоса беріледі. 

Бұл ретте салықтық өтінішті резидент заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшесінің, бейрезидент заңды тұлға құрылымдық бөлімшесінің бірінші басшысы келу тәртібімен береді. Салықтық өтінішті беру кезінде уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша сауалнама толтырылады. 

Салықтық өтінішті келу тәртібімен беру бойынша міндеттеме қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын тұлғаларға және электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесіне қатысушыларға қолданылмайды. 

3. Салық төлеушілердің банктік шоттары туралы мәліметтерді өзгерту осы Кодекстің 581-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімде берілген банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың мәліметтері негізінде жүзеге асырылады.  

4. Алып тасталды - ҚР 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

5. Салық төлеушінің тіркеу деректерін өзгерту үшін салықтық өтініш салық төлеушінің (салық агентінің) орналасқан жері бойынша салық органына өзгерістер туындаған кезден бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі. 

6. Салық органдары салық төлеушінің тіркеу деректеріне өзгерістер енгізуді сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің, уәкілетті мемлекеттік органдардың, банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың мәліметтерін тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. 

Ескерту. 563-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.06.30 N 297-IV(2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 


Статья 1 ...561 562 563 564 565 ...688 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 563-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы