Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 564 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

ҚР Салық кодексi
564-бап. Уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) алынған, сондай-ақ тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша төлемақыны есептеу және төлеу тәртібі

Ескерту. 564-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 12.12.2023 № 45-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) алынған жер учаскелері бойынша төлемақы сомасы – жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органмен, ал арнайы экономикалық аймақ аумағында жергілікті атқарушы органмен немесе арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясымен жасалған уақытша өтеулі жер пайдалану шарттарының негiзiнде есептеледi.  

Уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) алынған жер учаскелері бойынша жыл сайынғы төлемақы сомалары – жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдар, ал арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жергілікті атқарушы органдар немесе арнайы экономикалық аймақтардың әкімшіліктері жасайтын есеп-қисаптарда белгiленедi. 

Жер салығы сомаларының өзгеруіне алып келетін, шарттардың талаптары, сондай-ақ осы Кодексте белгiленген жер салығын есептеудің тәртiбi өзгерген жағдайларда, уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) алынған жер учаскелері бойынша төлемақы сомасының есеп-қисаптарын –жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдар, ал арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жергілікті атқарушы органдар немесе арнайы экономикалық аймақтардың әкімшіліктері қайта қарайды. 

2. Салықтық кезеңде төлеуге жататын уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) алынған жер учаскелері бойынша төлемақы мөлшерi осы баптың 1-тармағында көрсетілген есеп-қисаптарда белгіленген төлемақы мөлшерлемелері және салықтық кезеңде жер учаскесiн пайдаланудың нақты мерзімі негізге алына отырып айқындалады. 

Бұл ретте жер учаскесiн пайдаланудың нақты мерзімі салықтық кезеңнің басынан бастап (егер жер учаскесі салықтық кезең басталатын күні бастапқы өтеулі жер пайдалану құқығында болса) немесе жер учаскесіне мұндай құқық туындаған айдың 1-күнінен бастап мұндай құқық тоқтатылған айдың 1-күніне дейін немесе салықтық кезеңнің соңына дейін (егер жер учаскесі салықтық кезең аяқталатын күні осындай құқықта болса) айқындалады.  

3. Уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) алынған жер учаскелері бойынша төлемақы мөлшерi осы Кодекске сәйкес осындай жер учаскелерi бойынша есептелген жер салығы сомасының мөлшерінен төмен белгiленбейдi. 

Жеке тұлғалар бойынша уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) үшін алынған, осы Кодекстің 528-бабының 2) тармақшасында көрсетілген жер учаскелері бойынша төлемақы мөлшері осы Кодекске сәйкес осындай жер учаскелері бойынша есептелген жеке тұлғалардың мүлік салығы сомасының мөлшерінен төмен белгiленбейдi. 

4. Егер осы баптың 5 және 6-тармақтарында өзгеше белгіленбесе, төлемақы төлеушiлер ағымдағы жылғы 25 ақпаннан, 25 мамырдан, 25 тамыздан және 25 қарашадан кешiктiрмей тең үлестермен төлемақы сомасын бюджетке төлейдi. 

Мемлекет төлемақы төлеудiң жоғарыда санамаланған мерзiмдерiнің бірінен кейiн жер учаскелерiн уақытша өтеулі жер пайдалануға берген жағдайларда, төлеудің келесi кезектi мерзiмi төлемақыны бюджетке енгiзудiң алғашқы мерзiмi болып табылады. 

5. Жеке тұлғалар өтеулі жер пайдалануға алынған және кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын (пайдалануға жатпайтын) жер учаскелері бойынша төлемақы сомасын 25 ақпаннан кешіктірмей төлейді.  

Уақытша өтеулі жер пайдалану шарты осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзімнен кейін жасалған жағдайда, жеке тұлғаның осындай шарт жасалған салықтық кезең үшін төлемақы төлеуі осындай шарт жасалған айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.  

6. Уақытша өтеулі жер пайдалану шартының қолданылу мерзімі өткен немесе салықтық кезең аяқталғанға дейін ол бұзылған жағдайда, уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) алынған жер учаскелері бойынша төлемақы сомасы шарттың қолданылу мерзімі өткен немесе осындай шарт бұзылған айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірілмей сол жылы жер пайдаланудың нақты кезеңі үшін бюджетке төленуге жатады.  

7. Төлемақы сомасы жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша – уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) берілген жер учаскесі бойынша есептелген төлемақы бойынша бюджетке төленеді. 

8. Қызметін арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жүзеге асыратын ұйымдар жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны осы Кодекстің 79-тарауында белгіленген ережелерді ескере отырып есептейді. 

9. Объектілерді салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) алынған жер учаскелері бойынша жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органмен, ал арнайы экономикалық аймақтың аумағында – жергiлiктi атқарушы органмен немесе арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясымен жасалған уақытша өтеулi жер пайдалану шарттары негізінде есептелген төлемақы сомасы жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі уәкілетті орган жер пайдаланушыға жер учаскесін мақсаты бойынша пайдалану және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықты жою қажеттігі туралы жазбаша нұсқаманы табыс еткен күннен бастап он есеге ұлғайтылады. 

Осы тармақтың бірінші бөлігінің және осы баптың 3-тармағының мақсаттары үшін тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелерін анықтау тәртібін жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды. 

Осы тармақтың ережелері екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымға және оның еншілес компанияларына қолданылмайды. 

10. Мақсаты бойынша пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) алынған жер учаскелері бойынша жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органмен, ал арнайы экономикалық аймақтың аумағында – жергiлiктi атқарушы органмен немесе арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясымен жасалған уақытша өтеулi жер пайдалану шарттары негізінде есептелген төлемақы сомасы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық бөлімшесі жер пайдаланушыға Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы жазбаша нұсқаманы табыс еткен күннен бастап жиырма есеге ұлғайтылады. 

Осы тармақтың ережелері екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымға және оның еншілес компанияларына қолданылмайды. 

11. Осы баптың 9 және 10-тармақтарында көрсетілген жер учаскелері бойынша мәліметтерді жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі уәкілетті органның салық органдарына ұсыну тәртібін уәкілетті орган айқындайды.  

12. Осы баптың 9 және 10-тармақтарында көрсетілген, мәліметтерін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық бөлімшесі ұсынатын жер учаскелері бойынша төлемақыны салық органдары салық төлеушіге есепке жазылған төлемақы сомасы туралы хабарлама жібере отырып, есептелген төлемақы сомасын және жер учаскесінің алаңын негізге ала отырып есептейді. 

Ескерту. 564-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.04.2019 № 243-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.12.2023 № 45-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...562 563 564 564‑1 565 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться