Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Салық кодексi
565-бап. Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебіне қою



Ст. 565 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы



Ескерту. 565-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі). 

1. Дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою үшін жеке тұлға Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен салық органына хабарлама жібереді. 

2. Салық органдары Қазақстан Республикасының заңнамасымен дара кәсiпкер ретiндегі қызметіне жол берiлмейтiн жеке тұлғаны дара кәсiпкер ретiнде тiркеу есебiне қоюды жүргiзбейдi. 

3. Жеке тұлғаны жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретiнде тiркеу есебiне қою жеке тұлғаның нотариаттық қызметтi, атқарушылық құжаттарды орындау жөнiндегi қызметтi, адвокаттық қызметтi, дауларды медиация тәртібімен реттеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағанға дейiн "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық нысанда табыс етілген, жекеше нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты, кәсіби медиаторды тiркеу есебiне алу туралы салықтық өтiнiшi негiзiнде жүргiзiледi. 

4. Салық органдары салықтық өтінішті алған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде жеке тұлғаны жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретiнде тiркеу есебiне қоюды жүргізеді не мұндай тіркеуге қоюдан бас тартады. 

Салық органы, егер: 

1) салықтық өтініште көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттың деректері сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде қамтылған мәліметтерге сәйкес келмеген; 

2) салықтық өтініште көрсетілген нотариаттық қызметті, атқарушылық құжаттарды орындау жөнiндегi қызметті, адвокаттық қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның деректері лицензиялардың мемлекеттік электрондық тізілімінде қамтылған мәліметтерге сәйкес келмеген; 

3) салықтық өтініште көрсетілген орналасқан жері "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесінде жоқ болған жағдайларда, жеке тұлғаны жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретiнде тiркеу есебiне қоюдан бас тартады. 

Ескерту. 565-бап жаңа редакцияда - ҚР 2013.01.08 N 64-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...563 564 565 566 567 ...688 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi) N 99-IV от 10.12.2008 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 565-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы