Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Салық кодексi
566-бап. Дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың тіркеу деректерін өзгерту



Ст. 566 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы



1. Тіркеу деректерін өзгертуді салық органы: 

1) дара кәсіпкер Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен табыс еткен хабарлама; 

2) жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың тіркеу есебі туралы салықтық өтініш негізінде жүргізеді. 

2. Дара кәсіпкер осы баптың 1-тармағында көрсетілген хабарламаны тұрған жеріндегі салық органына өзінің тіркеу деректері және (немесе) бірлескен кәсіпкерлікке қатысушылар (мүшелер) туралы деректер өзгерген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей табыс етуге міндетті. 

3. Жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор осы баптың 1-тармағында көрсетілген салықтық өтінішті жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың орналасқан жері өзгерген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық нысанда табыс етуге міндетті. 

4. Тіркеу деректерін өзгертуді салық органы тіркеу деректерін өзгерту үшін табыс етілген хабарламаны алған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде жүргізеді. 

5. Жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың орналасқан жері туралы мәліметтерді өзгертуді салық органы тіркеу деректерін өзгерту үшін табыс етілген салықтық өтінішті алған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде жүргізеді. 

Салық органдары осы Кодекстің 565-бабының 4-тармағында белгіленген жағдайларда, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың орналасқан жері туралы мәліметтерді өзгертуден бас тартады. 

Ескерту. 566-бап жаңа редакцияда - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...564 565 566 567 568 ...688 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi) N 99-IV от 10.12.2008 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 566-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы