Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Салық кодексi
568-бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қою



Ст. 568 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы




1. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, резидент заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасындағы қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер, дара кәсіпкерлер осы баптың 2-тармағында белгіленген тәртіппен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қойылуы тиіс.

Мыналар:

мемлекеттік мекемелер;

"резидент заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері;

РҚАО-ның ескертпесі!

1-тармақтың екінші бөлігінің төртінші абзацы жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

осы Кодекстің 411, 420 және 442-баптарында көрсетілген тұлғалар тиісінше, ойын бизнесі салығы, тіркелген салық және бірыңғай жер салығы салынатын қызмет бойынша қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қоюға жатпайды.

2. Егер айналымның мөлшері күнтізбелік жыл ішінде осы тармаққа сәйкес айқындалған ең төменгі айналым мөлшерінен асып түскен жағдайда осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлғалар ең төменгі айналымнан асып кетуі туындаған айдың аяқталған күнінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей орналасқан жері бойынша салық органына келу тәртібімен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті беруге міндетті.

Айналым мөлшері өсу қорытындысы бойынша:

1) жаңадан құрылған резидент заңды тұлғалар, бейрезидент солар арқылы қызметін Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын филиалдар, өкілдіктер – әділет органдарында мемлекеттік (есептік) тіркелген күннен бастап;

2) салық органдарында дара кәсіпкер ретінде жаңадан тіркеу есебіне тұрған жеке тұлғалар – салық органдарында тіркеу есебіне қойылған күнінен бастап;

3) ағымдағы күнтiзбелiк жылда салық органының шешiмi негiзiнде қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiнен шығарылған салық төлеушiлер – салық органының шешiмi негiзiнде қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiнен шығарылған күннен кейiнгi күннен бастап;

4) өзге де салық төлеушілер ағымдағы күнтізбелік жылдың бірінші қаңтарынан бастап айқындалады.

2-1. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою мақсаттары үшін айналым мөлшері осы Кодекстің 230-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген айналымдардың сомасы ретінде айқындалады.

3. Алып тасталды - ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

4. Егер құрылтайшы сенімгерлік басқару шарты бойынша не пайда алушы сенімгерлік басқару туындаған өзге де жағдайларда қосылған құн салығын төлеуші болып табылса, сенімгерлік басқарушы орналасқан жері бойынша салық органына сенімгерлік басқару шартын жасасқан күннен не сенімгерлік басқарудың туындауына негіз болып табылатын өзге де құжат күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей келу тәртібімен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салық өтінішін беруге міндетті. Өзге де жағдайларда мұндай құрылтайшыны немесе пайда алушыны, сондай-ақ сенімгерлік басқарушыны міндетті түрде есепке қою осы баптың 2-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

 РҚАО-ның ескертпесі!

5-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

РҚАО-ның ескертпесі!

5-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.01.2017 бастап 01.01.2018 дейін қолданысқа енгізіледі).

5. Ең төменгі айналым тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 30000 еселенген мөлшерін құрайды.

6. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне алу туралы салықтық өтінішті Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасының, қызметін Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің бірінші басшысы, дара кәсіпкер тұратын жеріндегі салық органына келу тәртібімен береді.

Бұл ретте қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне алу туралы салықтық өтінішті беру кезінде салық органы Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасының бірінші басшысын, дара кәсіпкерді суретке түсіруді жүзеге асырады.

Осы баптың 1-тармағында аталған тұлғалар қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтiнiш берген айдан кейiнгi айдың бірінші күнiнен бастап қосылған құн салығын төлеушiлерге айналады.

Салық органы салықтық өтiнiш берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қоюды жүргізеді.

7. Резидент заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасында қызметін филиалдар, өкілдіктер арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер, дара кәсіпкерлер қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін табыс етілген салықтық өтінішке:

1) салық төлеушінің орналасқан жерін растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін міндетті түрде қоса береді.

Мынадай құжаттардың бірі:

жылжымайтын мүлікке меншік (оны пайдалану) құқығын растайтын құжат;

орналасқан жер ретінде мәлімделген жылжымайтын мүлік өзінің меншік құқығында тұрған жеке тұлғаның жазбаша келісімі салық төлеушінің орналасқан жерін растайтын құжат болып табылады.

Салық төлеушінің орналасқан жерін растайтын құжат көшірмесін нотариат куәландырған күн мен оны салық органына табыс ету күнінің арасындағы мерзім он жұмыс күнінен аспауға тиіс;

2) салық төлеушінің салық салынатын ең төмен айналымынан асып кеткендігін растайтын құжаттар көшірмесін міндетті түрде қоса береді.

Орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актілері және осы баптың 2-тармағында көрсетілген айналымның жасалу фактісі туралы куәландыратын өзге де құжаттар салық төлеушінің ең төмен айналымынан асып кеткендігін растайтын құжаттар деп танылады.

8. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтiнiш тапсырмаған тұлға анықталған кезде, салық органы мұндай салық төлеушіні анықтаған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей оған осы Кодекстің 608-бабында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықты жою туралы хабарлама жібереді.

9. Салық төлеушi осы баптың 8-тармағына сәйкес жіберілген салық органының хабарламасы бойынша қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтiнiш тапсырмаған жағдайда, осы Кодекстің 608-бабы 5-тармағында белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін салық органы осы Кодекстің 611-бабында белгіленген тәртіппен салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарады.

Ескерту. 568-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 N 297-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 15-баптан қараңыз) Заңдарымен.


Статья 1 ...566 567 568 569 570 ...688 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi) N 99-IV от 10.12.2008 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 568-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы