Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Салық кодексi
575-бап. Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушінің тiркеу деректерiн өзгерту және толықтыру



Ст. 575 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы



1. Тiркеу деректерінде көрсетiлген салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер туралы мәлiметтер өзгерген кезде салық төлеушi өзгерістер туындаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердiң тiркелген жері бойынша салық органына осы Кодекстiң 574-бабының 4-тармағында көрсетiлген хабарламаны беруге мiндеттi. 

2. Салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтер өзгерген жағдайда, салық органы осы Кодекстің 574-бабының 4-тармағында көрсетілген хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салық төлеушінің тіркеу деректеріне өзгерістер енгізуді жүргізеді. 

Осы Кодекстің 574-бабы 1-тармағының 1), 2) және 9) тармақшаларында көрсетілген жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші хабарламаға осы Кодекстің 574-бабының 5-тармағында көрсетілген салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтердің өзгергенін растайтын құжатты қоса береді. 

Салыстырып тексеру үшін шарттың түпнұсқасы табыс етілмеген жағдайда шарттардың және (немесе) шартқа қосымшалардың көшірмелері нотариатта куәландырылған болуы тиіс. 

3. Алып тасталды - ҚР 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

Ескерту. 575-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2011.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...573 574 575 576 577 ...688 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi) N 99-IV от 10.12.2008 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 575-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы