Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 577 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

ҚР Салық кодексi
577-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі

1. Төлемақы сомасын: 

1) I және II санаттағы объектілердің операторлары болып табылатын төлеушілер осы Кодекстің 575-бабында көрсетілген салық салу объектілерін және осы бапта көзделген коэффициенттерді қолдана отырып, белгіленген төлемақы мөлшерлемелерін негізге ала отырып есептейді; 

2) ІІІ санаттағы объектілердің операторлары болып табылатын төлеушілер осы Кодекстің 575-бабында көрсетілген декларацияланған салық салу объектілерін және белгіленген төлемақы мөлшерлемелерін негізге ала отырып есептейді; 

3) салық органдары осы бапта көзделген коэффициенттерді қолдана отырып, белгіленген төлемақы мөлшерлемелерін және осы Кодекстің 575-бабында айқындалған салық салу объектілерінің, оның ішінде мемлекеттік экологиялық немесе салықтық бақылау нәтижесінде алынған және осы Кодекстің 573-бабының 3-тармағында белгіленген тәртіппен, нысан бойынша және мерзімдерде ұсынылған мәліметтер бойынша анықталған декларацияланбаған бөлігін негізге ала отырып есепке жазады. 

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес төлемақы сомасы есепке жазылған жағдайда, салық органы осы Кодекстің 573-бабының 3-тармағында көзделген мәліметтерді алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде тиісті хабарлама шығарады. 

1-1. Қазақстан Республикасының аумағында ең үздік қолжетімді техникаларды ендіру мен қолдануды ынталандыру, қоршаған ортаға зиянды антропогендік әсер ету деңгейінің алдын алу немесе оларды төмендету мақсатында кешенді экологиялық рұқсат, оның ішінде 2021 жылғы 1 шілдеге дейін берілген қоршаған ортаға теріс әсер ететін объектілер бойынша төлемақыны есептеу кезінде төлеушілер мынадай коэффициенттерді: 

кешенді экологиялық рұқсат берілген күннен бастап онда белгіленген нормативтер шегінде, стационарлық көздерден және ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағудан ластаушы заттардың шығарындылары үшін осы Кодекстің 576-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген төлемақы мөлшерлемелеріне – 0 коэффициентін; 

кешенді экологиялық рұқсат берілген күннен бастап онда белгіленген нормативтер шегінде ластаушы заттардың төгінділері үшін осы Кодекстің 576-бабының 5-тармағында көзделген төлемақы мөлшерлемелеріне – 0 коэффициентін; 

кешенді экологиялық рұқсат берілген күннен бастап өндіріс пен тұтыну қалдықтарын түзу, пайдалану, залалсыздандыру және көму кезінде ұсынылатын есептілікке сәйкес және лимиттер шегінде қалдықтарды көмгені үшін осы Кодекстің 576-бабының 6-тармағында көзделген төлемақы мөлшерлемелеріне – 0 коэффициентін; 

кешенді экологиялық рұқсат берілген күннен бастап көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде лимиттер шегінде және күкіртті түзу және орналастыру кезінде ұсынылатын есептілікке сәйкес күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастырғаны үшін осы Кодекстің 576-бабының 7-тармағында көзделген төлемақы мөлшерлемелеріне – 0 коэффициентін қолданады. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

2-тармақтың қолданысы тоқтатыла тұрады, тоқтатыла тұру кезеңінде 01.01.2022 бастап 01.01.2025 дейін осы редакцияда қолданылады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

2-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 02.01.2021 № 402-VI (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2. Жекелеген төлеушілер кешенді экологиялық рұқсат қолданылмайтын, қоршаған ортаға теріс әсер ететін объектілер бойынша төлемақы сомасын есептеген кезде төлемақының тиісті мөлшерлемелеріне мынадай: 

1) коммуналдық қызметтер көрсету кезінде – табиғи монополиялар субъектілері болып табылатын төлеушілер, электр энергиясын өндіру кезінде – энергия өндіруші ұйымдар болып табылатын төлеушілер: 

осы Кодекстің 576-бабының 8-тармағына сәйкес жергілікті өкілді органдардың оларды көтеруін ескере отырып, осы Кодекстің 576-бабының 2-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге – 0,3; 

осы Кодекстің 576-бабының 8-тармағына сәйкес жергілікті өкілді органдардың оларды көтеруін ескере отырып, осы Кодекстің 576-бабының 5-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге – 0,43; 

осы Кодекстің 576-бабының 8-тармағына сәйкес жергілікті өкілді органдардың оларды көтеруін ескере отырып, осы Кодекстің 576-бабының 6-тармағы кестесінің 1.2.4-жолында белгіленген мөлшерлемелерге – 0,05; 

2) полигондар операторлары болып табылатын және коммуналдық қалдықтарды көмуді жүзеге асыратын төлеушілер: 

осы Кодекстің 576-бабының 8-тармағына сәйкес жергілікті өкілді органдардың оларды көтеруін ескере отырып, тұрғылықты жері бойынша жеке тұлғалар түзетін тұрмыстық қатты қалдықтар көлемі үшін осы Кодекстің 576-бабының 6-тармағы кестесінің 1.2.1-жолында белгіленген мөлшерлемелерге – 0,2 коэффициенттерін қолданады. 

Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген коэффициенттер І және ІІ санаттағы объектілер бойынша төлеушілердің тиісті экологиялық рұқсаттарында белгіленген нормативтер мен лимиттер шегінде қоршаған ортаға теріс әсер ететін көлемдерге немесе ІІІ санаттағы объектілер бойынша декларацияларда көрсетілген қоршаған ортаға теріс әсер ететін көлемдерге қатысты қолданылады. 

2-1. Қазақстан Республикасының аумағында, ядролық қауіпсіздік аймағы жерінің аумағында жүргізілген ядролық сынақтардың салдарынан пайда болған радиоактивті қалдықтарды орналастыруды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың төлемақы сомасын есептеу кезінде осы Кодекстің 576-бабы 6-тармағы кестесінің 1.2.6.1, 1.2.6.2 және 1.2.6.3-жолдарында белгіленген төлемақы мөлшерлемелеріне 0 коэффициенті қолданылады. 

3. Жиынтық жылдық көлемде 100 АЕК-ке дейінгі төлем көлемдерінде І және ІІ санаттағы объектілердің операторлары болып табылатын төлемақы төлеушілер рұқсат құжатын беретін орган белгілеген қоршаған ортаға теріс әсер ету нормативтерін немесе лимиттерін сатып алуға құқылы. Ағымдағы жыл үшін толық алдын ала төлем жасалып, рұқсат құжатын ресімдеу кезінде есепті салық кезеңінің 20 наурызынан кешіктірілмей нормативтерді немесе лимиттерді сатып алу жүргізіледі.  

Рұқсат құжаты көрсетілген мерзімнен кейін алынған кезде нормативті сатып алу рұқсат құжаты алынған айдан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. 

4. Ластаудың жылжымалы көздерін қоспағанда, төлемақы сомасы рұқсат құжатында көрсетілген қоршаған ортаға теріс әсер ету көзінің (объектінің) тұрған жері бойынша бюджетке төленеді. 

Ластаудың жылжымалы көздері бойынша төлемақы сомасы бюджетке: 

1) мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымалы көздер бойынша – мұндай тіркеуді жүргізу кезінде уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын жылжымалы көздерді тіркеу орны бойынша; 

2) мемлекеттік тіркеуге жатпайтын ластаудың жылжымалы көздері бойынша – салық төлеушінің тұрған жері бойынша, оның ішінде заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің (егер оған салық міндеттемесін орындау жүктелсе) тұрған жері бойынша енгізіледі.  

5. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген төлеушілерді қоспағанда, төлеушілер қоршаған ортаға теріс әсер етудің нақты көлемі үшін ағымдағы төлемақы сомасын есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірмей енгізеді. 

6. І санаттағы объектіге қатысты берілген кешенді экологиялық рұқсатқа экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасы шеңберінде (бұдан әрі осы тармақтың мақсатында – бағдарлама) қоршаған ортаға теріс әсерді кезең-кезеңмен төмендету көрсеткіштеріне қол жеткізу кестесінде белгіленген мерзімге, маркерлік ластаушы заттар бойынша қоршаған ортаға теріс әсерді кезең-кезеңімен төмендету көрсеткіші шамасының 30 пайызынан аз осындай көрсеткішке қол жеткізілмеген жағдайда, көрсетілген заттың эмиссиясына қатысты төлемақы сомасын есепке жазу мақсатында осы баптың 1-1-тармағында көзделген коэффициент теріс әсерді кезең-кезеңімен төмендетудің белгіленген көрсеткішіне қол жеткізілмеген жылдың алдындағы салық кезеңінен бастап және осындай көрсеткішке қол жеткізілген күнге дейін осы баптың 2-тармағында көзделген тиісті коэффициенттің мәніне ие болады. 

I санаттағы объектіге қатысты берілген кешенді экологиялық рұқсатқа бағдарламаны орындау мерзімі аяқталған күнге маркерлік ластаушы заттардың жалпы санының 30 және одан аз пайызы бойынша белгіленген технологиялық нормативтерге қол жеткізілмеген жағдайда, төлемақы сомасын есептеу мақсатында осы баптың 1-1-тармағында көзделген коэффициенттер белгіленген технологиялық нормативтерге қол жеткізілмеген маркерлік ластаушы заттар эмиссияларына қатысты кешенді экологиялық рұқсат алынған күннен бастап тиісті жылдар үшін осы баптың 2-тармағында көзделген тиісті коэффициенттердің мәндеріне ие болады. 

I санаттағы объектіге қатысты бағдарламаны орындау шартымен және кезеңінде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негіздер бойынша берілген кешенді экологиялық рұқсатты кері қайтарып алу, одан айыру немесе оның қолданысын тоқтату жағдайында, төлемақы сомасын есепке жазу мақсатында осы баптың 1-1-тармағында көзделген коэффициенттер осы тармақтың төртінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, төлемақы алынатын I санаттағы осы объект бойынша қоршаған ортаға теріс әсердің барлық түрі бойынша кешенді экологиялық рұқсат алынған күннен бастап тиісті жылдар үшін осы баптың 2-тармағында көзделген тиісті коэффициенттердің мәндеріне ие болады.  

Бұл ретте егер бағдарламаны орындау шеңберінде технологиялық нормативтерге маркерлік ластаушы заттардың жалпы санының 70 және одан көп пайызы бойынша қол жеткізілсе, осы тармақтың үшінші бөлігі бағдарламаны орындау шеңберінде технологиялық нормативтерге көрсетілген күнге дейін қол жеткізілген I санаттағы объектіге қатысты берілген кешенді экологиялық рұқсат кері қайтарып алынған, одан айырған немесе оның қолданысы тоқтатылған күнге дейін жүзеге асырылған маркерлік ластаушы заттардың эмиссияларына қатысты қолданылмайды. 

Осы тармақтың бірінші, екінші және үшінші бөліктеріне сәйкес туындаған және есепке жазылған төлемақы сомасына осы баптың 2-тармағында көрсетілген коэффициенттер қолданылған күннен бастап осы Кодексте айқындалған мөлшерде өсімпұл есепке жазылады. 

Ескерту. 577-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.01.2021 № 402-VI (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.12.2021 № 85-VII (ядролық қауіпсіздік аймағының құрылуы мен жұмыс істеуін реттейтін заңнамалық акт қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...575 576 577 578 579 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться