Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Салық кодексi
583-бап. Уәкілеттi мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және жергілікті атқарушы органдардың салық органдарымен өзара іс-қимыл кезіндегі мiндеттерi



Ст. 583 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы




Ескерту. 583-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 07.03.2014 N 177-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

1. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi, қайта тiркеудi, заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуді, құрылымдық бөлімшелерді есептік тiркеуді, қайта тiркеудi және есептік тiркеуден шығаруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар заңды тұлғаның тіркелген, қайта тіркелген, заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуы мемлекеттік тіркелген, құрылымдық бөлімше есептік тiркеуге қойылған, қайта тіркелген, есептік тiркеуден шығарылған күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаның тіркелгені, қайта тіркелгені, заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуының мемлекеттік тіркелгені, құрылымдық бөлімшенің есептік тiркеуге қойылғаны, қайта тіркелгені, есептік тiркеуден шығарылғаны туралы мәліметтерді электрондық хабарлама арқылы салық органына, банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға табыс етуге мiндеттi.

2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, лицензияларды, куәлiктердi немесе рұқсат ету мен тiркеу сипатындағы өзге де құжаттарды берудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органдар лицензиялар, куәлiктер немесе рұқсат ету мен тiркеу сипатындағы өзге де құжаттар берiлген (тоқтатылған) салық төлеушiлер және бюджетке басқа да мiндеттi төлемдер алынатын (өндiрiлiп алынатын) объектiлер туралы мәлiметтердi осы Кодекстiң 19-бөлiмiнде белгiленген тәртiп пен мерзiмде және уәкiлеттi орган белгiлеген нысандар бойынша өздерiнiң орналасқан жерiндегi салық органдарына табыс етуге мiндеттi.

Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беруді жүзеге асыратын ішкі істер органдары еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар берілген салық төлеушілер туралы мәлiметтердi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен, мерзiмде және нысандар бойынша өздерiнiң орналасқан жерiндегi салық органдарына табыс етуге мiндеттi.

3. Салық салу объектiлерiн және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi есепке алуды және (немесе) тiркеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік органдар салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерi бар салық төлеушiлер туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді уәкiлеттi орган белгiлеген тәртіпте, мерзімде және нысандар бойынша салық органдарына табыс етуге мiндеттi.

4. Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауды, салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды және (немесе) тiркеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органдар табыс етілетін мәлiметтерде, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ғылыми, экологиялық-ағартушылық, туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттарында пайдаланатын жеке тұлғаларды қоспағанда, салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірін көрсетуге мiндеттi.

5. Шетелдiктердің келуiн (кетуiн) тiркеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік орган олардың келуiн (кетуiн) тiркегеннен кейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей келудiң мақсатын, орнын және болу мерзiмiн көрсете отырып, келушi шетелдiктер туралы мәлiметтердi уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салық органына табыс етуге мiндеттi.

5-1. Инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының инвестициялар саласындағы заңнамасына сәйкес жасалған және инвестициялық басым жобаларды іске асыруды көздейтін инвестициялық келісімшарттар туралы мәліметтерді, сондай-ақ осы инвестициялық келісімшарттардың қолданылуы тоқтатылғаны туралы мәліметтерді және өзге де мәліметтерді инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысандар бойынша уәкілетті органға ұсынуға міндетті.

6. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану саласындағы құзырет шегінде мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, акцияларды немесе қатысу үлестерін сатып алу-сату бойынша мәмілелер жүзеге асырылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық агенті болып табылатын бейрезидент туралы мәліметтерді қоса алғанда, осы Кодекстің 197-бабына сәйкес ол бойынша салық міндеттемелері туындайтын мәміленің қатысушылары және оның параметрлері туралы мәліметтерді өзінің орналасқан жері бойынша салық органына табыс етуге мiндеттi.

7. Сыртқы саясат қызметін жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетел мемлекетінің дипломатиялық немесе оған теңестірілген өкілдігінің орналасқан жері бойынша салық органына осындай дипломатиялық немесе оған теңестірілген өкілдіктің аккредиттелгенін және орналасқан жерін растайтын құжаттарды аккредиттелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде ұсынуға міндетті.

7-1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тексерілетін салық төлеушіге қатысты салықтық тексеру барысында уәкілетті органның сұрау салуы бойынша еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтері мөлшерінің Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп уәкілетті орган белгілеген тәртіппен табыс етеді.

РҚАО-ның ескертпесі!

7-2-тармақ 01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі және 31.12.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 10-баптан қараңыз).

7-2. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйым бюджет қаражаты есебінен алған қосылған құн салығы сомасы субсидияларының сомалары жөніндегі мәліметтерді уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мерзімде және нысан бойынша табыс етуге міндетті.

РҚАО-ның ескертпесі!

583-бапты 7-3, 7-4, 7-5, 7-6, 7-7, 7-8 және 7-9-тармақтармен толықтыру көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

8. Салық төлеушілер, салық салу объектілері (бюджетке басқа да міндетті төлемдер алынатын (өндіріп алынатын) және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді ұсыну салық органдары мен уәкілетті мемлекеттік органдардың өзара автоматтандырылған іс-қимылына арналған тиісті бағдарламалық қамтамасыз етілім пайдаланыла отырып, электрондық нысанда, уәкілетті орган белгілеген тәртіпте және нысандар бойынша он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Уәкілетті мемлекеттік органдар салық төлеушілер, салық салу объектілері (бюджетке басқа да міндетті төлемдер алынатын (өндіріп алынатын) және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді электрондық нысанда ұсынған жағдайда, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерді қағаз жеткізгіште ұсынуы талап етілмейді.

9. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді берген кезде осындай көлік құралының Қазақстан Республикасының аумағына алғаш әкелінген күні туралы, сондай-ақ оны дайындаушы ел туралы мәліметтердің берілуін қамтамасыз етеді.

Ескерту. 583-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 N 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.12.2013 № 153-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.03.2014 N 177-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2014.06.12 № 209-V (2015.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 

 РҚАО-ның ескертпесі!

81-тараудың 8-параграфын 583-1-баппен толықтыру көзделген - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі). 

82-тарау. САЛЫҚ НЫСАНДАРЫН ҚАБЫЛДАУ. КАМЕРАЛДЫҚ БАҚЫЛАУ


Статья 1 ...581 582 583 584 585 ...688 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi) N 99-IV от 10.12.2008 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 583-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы