Ст. 585 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2019
ҚР Салық кодексi
585-бап. Төлемақы төлеушілер
1. Мыналар төлемақы төлеушілер болып табылады: мемлекеттік орман иеленушілер және Қазақстан Республикасының Орман кодексінде айқындалған тәртіппен орман пайдалану құқығын алған тұлғалар;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті шешімі негізінде өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупi төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қоюға құқық алған тұлғалар.
2. Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес өз меншігіндегі немесе ұзақ мерзімді жер пайдаланудағы жеке орман қоры учаскелерінде орман пайдалануды жүзеге асыратын орман иеленушілер орман өсіру үшін нысаналы мақсатты орман пайдалану құқығын алған кезде төлемақы төлеушілер болып табылмайды.
Добавить комментарий к 585-бап ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ