Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 587 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

ҚР Салық кодексi
587-бап. Орман және өсімдіктер ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері

Ескерту. 587-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 20.03.2023 № 213-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Осы баптың 2-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, төлемақы мөлшерлемелерін орман шаруашылығы және өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы уәкілетті органдар айқындаған тәртіпке сәйкес жасалған облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының есеп-қисаптары негізінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді органдары белгілейді. 

2. Түбірімен босатылатын сүрек үшін төлемақы мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және орман пайдалануға құқығы туындайтын тиісті қаржы жылының бірінші күніне қолданыста болатын еселенген АЕК мөлшерінде бір тығыз текше метр үшін айқындалады және мыналарды құрайды: 
Р/с
№ 
Ағаш-бұта тұқымдастарының атауы 
Жоғарғы бөлігіндегі дің кесіндісінің диаметріне қарай іске жарамды ағаш, қабықсыз (АЕК) 
Қабықты отындық ағаш (АЕК) 
ірі (25 см және одан жуан) 
орташа (13-тен 24 см-ге дейін) 
ұсақ (3-тен 12 см-ге дейін) 






1. 
Қарағай  
1,48 
1,05 
0,52 
0,21 
2. 
Шренк шыршасы  
1,93 
1,37 
0,68 
0,27 
3. 
Сібір шыршасы, майқарағай 
1,34 
0,95 
0,48 
0,16 
4. 
Балқарағай  
1,19 
0,85 
0,41 
0,15 
5. 
Самырсын 
2,67 
1,91 
0,93 
0,23 
6. 
Ағаш тектес арша  
1,79 
1,26 
0,63 
0,27 
7. 
Емен, шаған  
2,67 
1,91 
0,93 
0,41 
8. 
Қара қандыағаш, үйеңкі, шегіршін, жөке  
0,60 
0,42 
0,21 
0,14 
9. 
Сексеуіл 



0,60 
10. 
Қайың 
0,69 
0,48 
0,23 
0,16 
11. 
Көктерек, ағаш тектес тал, терек 
0,52 
0,37 
0,18 
0,11 
12. 
Грек жаңғағы, пісте 
3,24 
2,32 
1,15 
0,35 
13. 
Өрік, аққараған, алша, долана, шие, жиде, шетен, алхоры, мойыл, тұт ағашы, алма ағашы, өзге де ағаш тұқымдастар 
1,90 
1,35 
0,68 
0,23 
14. 
Арша, самырсын өскіні 


0,34 
0,18 
15. 
Жыңғыл 


0,3 
0,25 
16. 
Сары қараған, бұта тектес талдар, шырғанақ, жүзгін, шеңгел және өзге де бұталар 


0,19 
0,12 
 

3. Төлемақы мөлшерлемелеріне мынадай коэффициенттер қолданылады: 

1) кеспеағаш аймағының жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдардан қашықтығына қарай: 
Р/с 
Қашықтық 
Коэффициент 



1. 
10 км-ге дейін 
1,30 
2. 
10,1 - 25 км 
1,20 
3. 
25,1 - 40 км 
1,00 
4. 
40,1 - 60 км 
0,75 
5. 
60,1 - 80 км 
0,55 
6. 
80,1 - 100 км 
0,40 
7. 
100 км-ден көп 
0,30 
 

Кеспеағаш аймағының жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдардан қашықтығы кеспеағаш аймағының ортасынан жолға дейінгі қысқа аралық бойынша картографиялық материалдармен айқындалады және жергілікті жердің бедеріне қарай мынадай коэффициенттер бойынша түзету жасалады: 

жазық бедер - 1,1; 

жоталы бедер немесе батпақты жер - 1,25; 

таулы бедер - 1,5; 

2) аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуді жүргізу кезінде - 0,6; 

3) басты мақсатта пайдалану үшін іріктеп ағаш кесуді жүргізу кезінде - 0,8; 

4) сүректі 20 градустан жоғары беткейлі тау жоталарынан босату кезінде - 0,7. 

4. Сүректі түбірімен босату кезінде пайда болған кесілген ағаш қалдықтары (ұшар басынан алынған отын) үшін төлемақы мөлшерлемесі осы баптың 2-тармағында көрсетілген тиісті ағаш тұқымдас отындық ағашқа арналған мөлшерлеменің 20 пайызы мөлшерінде белгіленеді.  

5. Мемлекеттік орман қорының және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың аумағынан тыс жерде өсімдіктер ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және пайдалану құқығы туындайтын тиісті қаржы жылының бірінші күніне қолданыста болатын еселенген АЕК мөлшерінде бір килограмм үшін айқындалады. 

Ескерту. 587-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 20.03.2023 № 213-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...585 586 587 588 589 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться