Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 588 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.11.2018

ҚР Салық кодексi
588-бап. Есептеу мен төлеу тәртiбi

1. Төлемақы сомасын мемлекеттік орман иеленушілер есептейді және мөлшері осы баптың 2-тармағына сәйкес белгіленетін төлемақыны қоспағанда, рұқсат құжатында көрсетіледі. 

2. Төлемақы мөлшері: 

сүректі түбірімен босатқан кезде – осы Кодекстің 587-бабында белгіленген коэффициенттер ескеріле отырып, орман пайдалану көлемі және төлемақы мөлшерлемелері негізге алына отырып; 

төлемақы мөлшері осы Кодекстің 587-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалатын орманды пайдалануды қоспағанда, орман пайдаланудың өзге де түрлері кезінде – орман пайдаланудың көлемі және (немесе) алаңы, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi өкiлдi органдары белгiлейтін орман пайдаланудың өзге де түрлері үшін төлемақы мөлшерлемелері негізге алына отырып айқындалады. 

3. Төлемақы сомасы бюджетке орман пайдалану объектісінің тұрған жері бойынша мынадай мерзімдерде: 

1) ұзақ мерзімді орман пайдалану кезінде – орман пайдаланудың жыл сайынғы көлемінің жалпы сомасының тең үлестерімен тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірілмейтін мерзімде; 

2) қысқа мерзімді орман пайдалану кезінде – рұқсат құжаттарын алғанға дейін немесе алған күні төленеді. Бұл ретте рұқсат құжатында төлем құжатының деректемелері көрсетіле отырып, ақы төлеудің жүргізілгені туралы белгі қойылады;  

3) түбірімен босатылатын сүрек үшін – жазылып берілген ағаш кесу билеттері бойынша жылдық төлемақы сомасының тең үлестерімен тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірілмейтін мерзімде; 

4) өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қойғаны үшін – әрбір жекелеген жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті шешімі негізінде белгіленетін мерзімдерде төленеді.  

4. Егер сүректі түбірімен, шайырды, ағаш шырындарын және қосалқы орман ресурстарын босату кезінде дайындалған сүректің, шайырдың, ағаш шырындарының және қосалқы орман ресурстарының жалпы көлемі ағаш кесу билетінде көзделген көлеммен (алаңмен) сәйкес келмесе, мемлекеттік орман иеленушілер нақты дайындалған көлем үшін төлемақы сомасын қайта есептеуді жүргізеді. Қайта есептеу кезінде белгіленген төлемақы сомасы оны төлеудің кезекті мерзімінде төленеді. 

5. Кезекті мерзімге кесуге берілетін кесілмеген ағаштар, сондай-ақ алдыңғы жылы кесу басталмаған кеспеағаш аймағы үшін төлемақы сомасын төлеу осы Кодекстің 587-бабында айқындалған тәртіппен жүргізіледі. 

6. Төлемақы сомасын төлеу екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару не оны орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қатаң есептілік бланкілері негізінде мемлекеттік орман иеленушілер кассаларына қолма-қол ақшалай енгізу жолымен жүргізіледі. 

Қолма-қол ақшамен қабылданған төлемақы сомаларын мемлекеттік орман иеленушілер ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен бастап келесі операциялық күннен кешіктірмей екінші деңгейдегі банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға кейіннен оларды бюджетке есепке жатқызу үшін тапсырады. Егер қолма-қол ақшаның күн сайынғы түсімдері АЕК-тің 10 еселенген мөлшерінен аз болса, бюджетке есепке жатқызу үшін ақшаны тапсыру ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен бастап операциялық үш күнде бір рет жүзеге асырылады. 

7. Жеке тұлғалар төлемақы сомасын қолма-қол ақшамен төлеген кезде қатаң есептілік бланкілеріне мемлекеттік орман иеленушілердің бизнес-сәйкестендіру нөмірі қойылады. 

7-параграф. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы

Статья 1 ...586 587 588 589 590 ...773

Перейти к статье






Добавить комментарий к 588-бап ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ