Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 615 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

ҚР Салық кодексi
615-бап. Өзге де әрекеттер жасағаны үшiн мемлекеттiк баж мөлшерлемелері

Өзге де әрекеттер жасағаны үшiн мемлекеттік баж мынадай мөлшерлерде алынады: 

1) аңшы куәлігін (аңшы куәлiгiнің телнұсқасын) бергенi (қайта ресімдегені) үшін – 2 АЕК; 

2) мыналарды: 

Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға арналған рұқсаттарды бергені үшін – 2 АЕК; 

Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға арналған рұқсаттарды бергені үшін – 2 АЕК; 

жекелеген жабайы өсетін өсімдіктер мен жабайы өсетін дәрілік шикізатты, оның ішінде сирек кездесетіндерін және құрып кету қаупі төнгендерін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге арналған қорытындыны (рұқсат беру құжатын) бергені үшін – 2 АЕК;  

жабайы жануарларды, оның ішінде сирек кездесетіндерін және құрып кету қаупі төнгендерін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге арналған қорытындыны (рұқсат беру құжатын) бергені үшін – 2 АЕК; 

3) мыналарды: 

Қазақстан Республикасы азаматының паспортын мына көлемде бергені үшін: 

24 бет – 4 АЕК (16 жасқа дейінгі балалар үшін); 

36 бет – 8 АЕК; 

48 бет – 12 АЕК; 

азаматтығы жоқ адамның куәлігін, жол жүру құжатын бергенi үшiн – 8 АЕК; 

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін бергені үшін – 0,2 АЕК; 

бір жылдың ішінде екі реттен көп жоғалуына байланысты Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін бергені үшін – 1 АЕК; 

шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты бергенi үшiн – 0,2 АЕК; 

4) мыналарға: 

заңды тұлғаларға: 

азаматтық, қызметтік қарудың және оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге қорытынды бергені үшін – 2 АЕК; 

азаматтық, қызметтік қаруды және оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытынды бергені үшін – 2 АЕК; 

азаматтық, қызметтiк қаруды және оның патрондарын сақтауға рұқсат бергенi үшiн – 1 АЕК; 

азаматтық, қызметтiк қаруды және оның патрондарын сақтау мен алып жүруге рұқсат бергенi үшiн – 1 АЕК; 

азаматтық, қызметтiк қаруды және оның патрондарын тасымалдауға рұқсат бергенi үшiн – 2 АЕК; 

азаматтық, қызметтік қаруды және оның патрондарын иеленуге рұқсат бергені үшін – 3 АЕК; 

азаматтық пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алуға рұқсат бергені үшін – 3 АЕК; 

жеке тұлғаларға: 

азаматтық қаруды және оның патрондарын сатып алуға рұқсат бергенi үшiн – 0,5 АЕК; 

азаматтық қаруды және оның патрондарын сақтауға рұқсат бергенi үшiн – 0,5 АЕК; 

азаматтық қаруды және оның патрондарын сақтау мен алып жүруге рұқсат бергенi үшiн – 0,5 АЕК; 

азаматтық қаруды және оның патрондарын тасымалдауға рұқсат бергенi үшiн – 0,1 АЕК; 

5) жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтiк қаруының (аңшылық суық қаруды, белгi беретiн қаруды, механикалық шашыратқыштарды, аэрозольдi және көзден жас ағызатын немесе тiтiркендiретiн заттар толтырылған басқа құрылғыларды, үрлемелі энергиясы 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрi 4,5 мм-ді қоса алғанға дейiнгi пневматикалық қаруды қоспағанда) әрбiр бiрлiгiн тiркегенi және қайта тiркегенi үшiн – 0,1 АЕК; 

6) жеке басты куәландыратын құжаттарға өзгерiстер енгiзгенi үшiн – 0,1 АЕК; 

7) Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға апостиль қойғаны үшiн – әрбір құжат үшін 0,5 АЕК; 

8) мыналарды: 

жүргiзушi куәлiгiн бергенi үшiн – 1,25 АЕК; 

көлiк құралдарын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiкті бергенi үшiн – 1,25 АЕК; 

егер осы тармақшада өзгеше белгіленбесе, автомобильге мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiсiн бергенi үшiн – 2,8 АЕК; 

автомобильге мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісінің телнұсқасын 2 бірлікте бергені үшін - 2,8 АЕК; 

автомобильге мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісінің телнұсқасын 1 бірлікте бергені үшін – 1,4 АЕК; 

автомобильге цифрлық белгіленуі 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiлерін бергені үшін - 57 АЕК; 

автомобильге әріптік белгіленуі бірдей, цифрлық белгіленуі 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiлерін бергені үшін - 114 АЕК; 

автомобильге цифрлық белгіленуі 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiлерін бергенi үшiн – 137 АЕК; 

автомобильге әріптік белгіленуі бірдей, цифрлық белгіленуі 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiлерін бергенi үшiн – 194 АЕК; 

автомобильге цифрлық белгіленуі 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiлерін бергенi үшiн – 228 АЕК; 

автомобильге әріптік белгіленуі бірдей, цифрлық белгіленуі 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiлерін бергенi үшiн – 285 АЕК; 

автомобильге әріптік белгіленуі бірдей (цифрлық белгіленуі 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 777, 800, 888, 900, 999 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін қоспағанда) мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiлерін бергенi үшiн – 57 АЕК; 

мотокөлiкке, автомобиль тiркемесiне мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiсiн бергенi үшiн – 1,4 АЕК; 

мотокөлiкке, автомобиль тiркемесiне мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiсiнің телнұсқасын бергенi үшiн – 1,4 АЕК; 

көлiк құралын айдап әкелуге арналған мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiсiн (транзиттiк) бергенi үшiн – 0,35 АЕК. 

Бұл ретте мемлекеттік органның қарамағындағы автомобильге мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісін бергені үшін мемлекеттік баж мөлшері 2,8 АЕК-ті құрайды; 

9) мыналарды: 

тракторшы-машинист куәлiгiн бергенi үшiн – 0,5 АЕК; 

тракторларға, олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерге, олардың тiркемелеріне (арнайы жабдықпен монтаждалған тiркемелердi қоса алғанда), өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiсiн бергенi үшiн – 1 АЕК; 

тракторларды, олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, олардың тiркемелерiн (арнайы жабдықпен монтаждалған тiркемелердi қоса алғанда), өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдердi мемлекеттiк тiркеу үшiн техникалық паспорт бергенi үшiн –0,5 АЕК; 

10) жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және оның телнұсқасын бергені үшін – 0,25 АЕК; 

11) мыналарды: 

теңізшінің жеке куәлігін бергені үшін – 5 АЕК; 

Қазақстан Республикасының теңізде жүзу кітапшасын бергені үшін – 3,5 АЕК; 

кәсіби дипломды бергені үшін – 2 АЕК. 

Ескерту. 615-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.03.2023 № 213-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...613 614 615 616 617 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться