Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Салық кодексi
623-бап. Жалпы ережелер



Ст. 623 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы



1. Ірі салық төлеушілер мониторингі (бұдан әрі – осы тараудың мақсаты үшін - мониторинг) ірі салық төлеушілердің нақты салық салынатын базасын анықтау, Қазақстан Республикасының салық заңнамасының сақталуын және трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыру мақсатында қолданылатын нарықтық бағаларды бақылау мақсатында олардың қаржылық-шаруашылық қызметін талдау жолымен жүзеге асырылады. 

2. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, осы Кодекстің 99-бабында көзделген түзету есепке алынбағанда жылдық жиынтық табысы неғұрлым көп, бір мезгілде мынадай талаптарға сай келетін коммерциялық ұйымдар болып табылатын: 

1) барлық активтерінің теңгерімдік құнының сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесі бекітілуге жататын жылдың соңында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде 325000 еселенген мөлшерін құрайтын; 

2) жұмыскерлерінің саны кемінде 250 адамды құрайтын ірі салық төлеушілер мониторингтеуге жатады. 

Осы баптың мақсаттары үшін: 

1) осы Кодекстің 99-бабында көзделген түзетуді есепке алмағанда, жылдық жиынтық табыс мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізбесі бекітілуге жататын жылдың алдындағы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларация деректері негізінде айқындалады; 

2) активтердің теңгерімдік құны мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізбесі бекітілуге жататын жылдың алдындағы жыл үшін жылдық қаржылық есептілік деректері негізінде айқындалады; 

3) жұмыскерлерінің саны мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізбесі бекітілуге жататын жылдың бірінші тоқсанының соңғы айы үшін жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияның деректері негізінде айқындалады. 

Осы тармақта белгіленген шарттардың сақталуына қарамастан: 

1) Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе құзыретті орган мен жер қойнауын пайдаланушы арасында 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған және міндетті салық сараптамасынан өткен өнімді бөлу туралы келісімде (келісімшартта) көрсетілген, осы Кодекстің 99-бабында көзделген түзетуді есепке алмағанда, неғұрлым көп жиынтық жылдық табысқа ие және (немесе) көрсетілген келісімдерге (келісімшарттарға) сәйкес мұнай-газ конденсаты кен орнында қызметін жүзеге асыратын сенім білдірілген тұлға (оператор) және (немесе) жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар); 

2) ірі салық төлеушілер тізбесі қолданысқа енгізілген жылдың алдындағы жылдың 1 қазанында мониторингке жататын жер қойнауын пайдаланушы мынадай: 

кең таралған пайдалы қазбаларды және жерасты суларын барлауға, өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушымен пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарт жасалған; 

жер қойнауын пайдаланушы өңірлік даму жөніндегі уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес қала құраушы заңды тұлғалар санатына жатқызылған, шарттарға сәйкес келетін жер қойнауын пайдаланушы ірі салық төлеушілер мониторингіне жатады. 

2-1. Мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізбесіне: 

1) осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген шарттарға сәйкес келетін ірі салық төлеушілердің ішінен, осы Кодекстің 99-бабында көзделген түзетуді есепке алмағанда, неғұрлым көп жиынтық жылдық табысқа ие алғашқы үш жүз ірі салық төлеуші; 

2) осы баптың 2-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген салық төлеушілер кіреді. 

3. Мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізбесі, көрсетілген тізбе қолданысқа енгізілетін жылдың алдындағы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша ұсынылған салықтық есептілік деректерінің негізінде қалыптастырылады және оны Қазақстан Республикасының Үкіметі көрсетілген тізбе қолданысқа енгізілетін жылдың алдындағы жылдың 15 желтоқсанынан кешіктірмей бекітеді. 

Егер мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесін қолданысқа енгізер жылдың алдындағы жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша осы баптың 2-тармағында белгіленген талаптарға сай келетін салық төлеуші таратылу алдында тұрса, мұндай салық төлеуші бұл тізбеге енгізілуге жатпайды.  

Мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің бекітілген тізбесі оны бекіткен жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан кейін қолданысқа енгізіледі.  

Мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің бекітілген тізбесі қолданысқа енгізілген күннен бастап екі жыл бойына қолданыста болады және осы кезең ішінде қайта қаралуға жатпайды. 

4. Мониторингке жататын ірі салық төлеуші қайта ұйымдастырылған жағдайда оның құқық мирасқоры (құқық мирасқорлары) мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің келесі тізбесі қолданысқа енгізілгенге дейін мониторингке жатады.  

5. Мониторингке жататын ірі салық төлеуші таратылған жағдайда, сондай-ақ оны банкрот деп тану туралы сот шешімі күшіне енгізілген күннен бастап аталған салық төлеуші мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізбесінен шығарып тасталған деп танылады. 

Ескерту. 623-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 № 200-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 № 61-V (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...621 622 623 624 624-1 ...688 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi) N 99-IV от 10.12.2008 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 623-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы