Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Салық кодексi
624-1-бап. Мониторинг жүргізу тәртібі



Ст. 624-1 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы



1. Мониторинг жүргізу барысында уәкілетті орган мониторингке жататын ірі салық төлеушілерден салықтардың дұрыс есептелуiн және салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеудiң (ұстап қалу және аудару) уақтылығын растайтын құжаттарды, сондай-ақ салық төлеушiнің (салық агентінің), оның еншiлес ұйымдарының қаржылық есептiлiгiн қоса алғанда, қаржылық есептiлiгін табыс етуін талап етуге құқылы. 

Бұл ретте, осы талап мониторингке жататын iрi салық төлеушiлер талапты тапсырған күннен кейінгi күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн ішінде орындалуға тиіс. 

2. Мониторинг нәтижелерi бойынша бұзушылықтар мен алшақтықтар анықталған жағдайда уәкiлеттi орган ол туралы мониторингке жататын iрi салық төлеушiге хабарлайды. 

Бұл ретте мониторингке жататын iрi салық төлеушi осындай хабарлама тапсырылған (алынған) күннен кейінгі күннен бастап күнтiзбелiк он бес күн ішінде жазбаша түсiндiрмені ұсынуға мiндеттi. 

Ұсынылған түсiндiрумен келіспеген жағдайда, уәкілетті орган қосымша құжаттар мен түсiндiрулерді ұсына отырып, туындаған мәселелерді талқылау үшiн мониторингке жататын осындай iрi салық төлеушiні шақыруға құқылы. 

Мониторинг нәтижелерiн қарау қорытындылары бойынша уәкiлеттi орган жазбаша түрде уәжделген шешім шығарады, ол шығарылған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде мониторингке жататын iрi салық төлеушiге жолданады.  

Уәжделген шешіммен келiсу туралы хабарламаны мониторингке жататын iрi салық төлеушi оны алған күнiнен бастап күнтiзбелiк бес күн ішінде ұсынады. 

Ескерту. 87-тарау 624-1-баппен толықтырылды - ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

88-тарау. ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ


Статья 1 ...623 624 624-1 625 626 ...688 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 624-1-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы