Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Салық кодексi
625-бап. Жалпы ережелер



Ст. 625 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы




1. Тәуекелдерді басқару жүйесі тәуекелдерді бағалауға негізделген және тәуекелді анықтау және алдын алу мақсатында салық органдары әзірлейтін және (немесе) қолданатын шараларды қамтиды. Тәуекелдерді бағалау нәтижелері негізінде салық бақылауының нысандарын саралап қолдану жүзеге асырылады.  

2. Тәуекел – салық төлеушінің (салық агентінің) мемлекетке нұқсан келтіретін және (немесе) нұқсан келтіруі мүмкін салық міндеттемесін орындамау және (немесе) толық орындамау ықтималдығы.  

3. Салық органдарының тәуекелдерді басқару жүйелерін қолдану мақсаттары:  

1) назарын тәуекелі жоғары салаларға шоғырландыру және қолда бар ресурстарды анағұрлым тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;  

2) салық салу саласында бұзушылықтарды анықтау бойынша мүмкіндіктерді кеңейту.  

РҚАО-ның ескертпесі!

4-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

4. Тәуекелдерді басқару жүйесі салықтық бақылауды жүзеге асыру кезінде, оның ішінде:  

1) салықтық тексеру жүргізу үшін салық төлеушілерді (салық агенттерін) іріктеу; 

1-1) қайтаруға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасын растау үшін; 

1-2) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың тәуекел деңгейін анықтау мақсатында пайдаланылады. 

Бұл ретте уәкілетті орган кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп бекіткен критерийлерді қоспағанда, осы тармақтың 1) және 1-2) тармақшаларында көрсетілген тәуекелдер деңгейін бағалау критерийлері құпия (қызметтік) ақпарат болып табылады; 

2) осы Кодекстiң 274-бабының ережелерi ескерiле отырып, қосылған құн салығының асып түскен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртiбiне құқықты айқындау мақсатында пайдаланылады. 

5. Алынып тасталды - ҚР 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен. 

6. Тәуекелдерді басқару жүйесі тәуекелдерді басқарудың ақпараттық жүйесін қолдана отырып жүзеге асырылуы мүмкін. 

7. Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының асып түскен сомасын растау мақсатында тәуекел дәрежесінің критерийлерін және тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 

Ескерту. 625-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.06.30 N 297-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.12.26 N 61-V(қолданысқа енгізілу тәртібін 9-баптан қараңыз); 05.12.2013 № 152-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

РҚАО-ның ескертпесі!

626-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).


Статья 1 ...624 624-1 625 626 627 ...688 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 625-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы