Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Салық кодексi
627-бап. Салықтық тексерулер ұғымы, типтері мен түрлері



Ст. 627 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы




1. Салықтық тексеру – салық органдары:  

1) Қазақстан Республикасы салық заңнамасының, сондай-ақ орындалуын бақылау салық органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасының орындалуын;  

2) тексерілетін салық төлеушінің (салық агентінің) кәсіпкерлік қызметіне байланысты мәселелер бойынша тексерілетін салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтер алу үшін тексерілетін салық төлеушінің (салық агентінің) қызметіне қатысты құжаттар, ақпарат бар адамдарды, оның ішінде осындай қызмет бойынша жиынтық салық есебін жүргізуге жауапты жай серіктестік (консорциум) қатысушыларының уәкілетті өкілін; 

РҚАО-ның ескертпесі!

3) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

3) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) жоғары тұрған салық органы қызметінің хабарламаға шағымды қараудың нәтижелері бойынша шығарған шешіміне шағым берген салық төлеушіден (салық агентінен) қосымша мәліметтер алу үшін жүргізетін тексеру.  

2. Қажет болған кезде салық органдары салықтық тексеру барысында:  

оның орналасқан жеріне қарамастан салық салу объектісі және (немесе) салық салумен байланысты объекті болып табылатын мүлікті зерттеп-тексеруді;  

салық төлеушінің (салық агентінің) мүлкіне (тұрғын үй-жайларынан басқа), оның ішінде тауар-көлік жүкқұжаттарында көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуіне түгендеу жүргізуі мүмкін. 

Мыналар:  

нұсқамада көрсетiлген салық органдарының лауазымды адамдары және осы Кодекске сәйкес салық органдары тексеру жүргiзуге тартатын өзге де адамдар;  

мынадай: 

салық органдарында тiркеу есебiне қою; 

бақылау-кассалық машиналардың болуы; 

төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы; 

көліктік бақылау немесе жол полициясы бекеттерінде автокөлік құралдарын тексеру кезінде импортталатын тауарларға арналған тауар-көлік жүкқұжаттарының болуы және тауарлар атауларының тауар-көлік жүкқұжаттарында көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі; 

акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға, темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның болуы мәселелері бойынша тақырыптық тексерулер кезінде – нұсқамада көрсетiлген аумақтың учаскесiнде кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын салық төлеушi; 

салықтық тексерудiң басқа түрлерi кезiнде – нұсқамада көрсетiлген салық төлеушi салықтық тексерулерге қатысушылар болып табылады. 

Арнайы білімді және дағдыларды талап ететін мәселелерді зерттеп-тексеру, консультация алу үшін салық органы салықтық тексерудің нәтижесіне мүдделі емес маманды салықтық тексеруге тартуы мүмкін.  

Салықтық тексеруге қатысушы болып табылатын салық органы лауазымды адамының жазбаша түрде қойған сұрақтары бойынша салықтық тексеруге тартылған маман қорытынды жасайды, ол салықтық тексеру барысында пайдаланылады. Мұндай жазбаша сұрақтар мен қорытындылардың көшірмесі салықтық тексеру актісіне, соның ішінде салық төлеушіге табыс етілетін салықтық тексеру актісінің данасына қоса беріледі.  

Салық органы маманды салықтық тексеруге тартқан жағдайда салық төлеуші өз тарапынан маманды тартуға құқылы, оның қорытындысы салық төлеуші маманының қорытындысын салық органына салықтық тексеру актісіне қол қойылған күннен кешіктірмей ұсынған жағдайда, салықтық тексеру актісіне қоса беріледі.  

3. Салықтық тексерулерді тек қана салық органдары жүзеге асырады.  

4. Салықтық тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:  

1) құжаттық тексеру;  

2) алынып тасталды - ҚР 2009.07.17 N 188-IV Заңымен; 

3) хронометраждық зерттеп-тексеру.  

5. Құжаттық тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:  

РҚАО-ның ескертпесі!

1) тармақшаның бірінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 16.11.2015 № 406-V Заңымен (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

РҚАО-ның ескертпесі!

1) тармақшаның бірінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

1) кешенді тексеру - салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң барлық түрлерi бойынша салық мiндеттемелерiнің орындалуы, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының толық және уақтылы есептелуі мен аударылуы және әлеуметтік аударымдардың толық және уақтылы есептелуі мен төленуі бойынша салық органы салық төлеушіге қатысты жүргізетін тексеру.  

Кешенді тексеруге тақырыптық тексеру мәселелері де енгізілуі мүмкін.  

Жүргізілуі осы Кодекстің 37, 40-42-баптарында көзделген құжаттық тексеру тарату тексеруі болып табылады және ол кешенді тексеруге жатады;  

2) тақырыптық тексеру - мыналар: 

салықтың және (немесе) бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң жекелеген түрлерi бойынша салық мiндеттемесiнiң орындалуы; 

Кеден одағына мүше мемлекеттердiң аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы және (немесе) акциз бойынша салық мiндеттемесiнiң орындалуы; 

РҚАО-ның ескертпесі!

2) тармақшаның төртінші абзацы жаңа редакцияда көзделген - ҚР 16.11.2015 № 406-V Заңымен (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

РҚАО-ның ескертпесі!

2) тармақшаның төртінші абзацы жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының толық және уақтылы есептелуi, ұсталуы мен аударылуы, сондай-ақ әлеуметтiк аударымдардың толық және уақтылы есептелуi мен төленуi; 

банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың осы Кодексте, сондай-ақ "Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы" және "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мiндеттердi орындауы; 

трансферттiк баға белгiлеу; 

акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірілуін және айналымын, сондай-ақ авиациялық отынның, биоотынның, мазуттың айналымын мемлекеттік реттеу; 

соттың заңды күшiне енген үкiмiнiң немесе қаулысының негiзiнде жалған кәсiпорын деп танылған салық төлеушiмен жасасқан операциялар бойынша салық мiндеттемелерiн айқындау; 

сот жасалуын іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жүзеге асырылды деп таныған шот-фактура жазу бойынша әрекет (әрекеттер) бойынша салық міндеттемесін айқындау мәселелері бойынша; 

салық төлеушi (салық агентi) мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуды айқындау; 

халықаралық шарттардың (келiсiмдердiң) ережелерiн қолдану заңдылығы; 

қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау; 

төленген табыс салығын бейрезиденттiң салықтық өтiнiшiнің және қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттың негiзiнде бюджеттен немесе шартты банк салымынан қайтару; 

осы Кодекстiң 608-бабында белгiленген тәртiппен камералды бақылаудың нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы салық органдарының хабарламасын салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) орындалмауы; 

РҚАО-ның ескертпесі!

2) тармақшаның он бесінші абзацы жаңа редакцияда көзделген - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

осы Кодекстің 14-бабының 1-1 және 1-2-тармақтарында көзделген талаптардың орындалуы; 

салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) тексеру нәтижелерi туралы хабарламаға және (немесе) жоғары тұрған салық органының хабарламаға шағымды қарау нәтижелерi бойынша шығарылған шешiмiне салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) шағымында жазылған мәселелер бойынша шағымын қарау; 

төленген табыс салығын бюджеттен немесе қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттың ережелерiне сәйкес шартты банк салымынан қайтаруға бейрезиденттiң салықтық өтiнiшiн қайта қарау туралы өтiнiшiн қарау; 

салық органдарында тiркеу есебiне қою; 

бақылау-кассалық машиналардың болуы;  

төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы; 

көліктік бақылау немесе жол полициясы бекеттерінде автокөлік құралдарын тексеру кезінде импортталатын тауарларға арналған тауар-көлік жүкқұжаттарының болуы және тауарлар атауларының тауар-көлік жүкқұжаттарында көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі; 

акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға, темекі өнімдеріне ілеспе құжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның болуы; 

бақылау-кассалық машиналарды қолдану тәртiбiн сақтау;  

Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын және акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн өндiру, сақтау және өткiзу шарттарын сақтау; 

касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органы шығарған өкiмдi орындау мәселелерi бойынша салық төлеушiге (салық агентiне) қатысты салық органы жүргiзетiн тексеру. 

Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiмен келісу бойынша бiрлестiктердiң өкiлдерi тақырыптық тексерулердi жүргiзу кезінде: 

салық органдарында тiркеу есебiне қою; 

бақылау-кассалық машиналардың болуы; 

төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы; 

импортталатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы бойынша өткізілетін тауарларға арналған тауар-көлік жүкқұжаттарының болуы; тауарлардың атауы мен санының тауар-көлік жүкқұжаты құжаттарында көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі; 

акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға, темекі өнімдеріне ілеспе құжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның болуы мәселелері бойынша қатысуға тартылуы мүмкін. 

Жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің өкілдері көрсетілген тақырыптық тексерулерді жүргізуі кезінде салық төлеуші құқықтарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Тақырыптық тексеру актісінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері өкілдерінің қатысу фактісі тіркеледі.  

Бұл ретте тақырыптық тексеру бір мезгілде осы тармақшада көрсетілген бірнеше мәселелер бойынша жүргізілуі мүмкін. Тақырыптық тексеру бюджетке төленетін салықтың барлық түрлері және басқа да міндетті төлемдер бойынша міндеттемелердің орындалуына тексеру жүргізуді көздемейді. 

Сауда операциялары кезiнде қолма-қол ақша арқылы жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысу туралы мәліметтерді жедел режімде жалпы пайдаланудағы телекоммуникациялар желілері бойынша салық органдарына беруді қамтамасыз ететін бақылау-касса машинасын пайдаланған жағдайда, бақылау-касса машинасының болуы және бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібін сақтау мәселелері бойынша тақырыптық тексеру жүргізілмейді; 

3) қарсы тексеру - салық органы салық төлеушімен (салық агентімен) операцияларды жүзеге асыратын тұлғаларға қатысты жүргізетін тексеру, салық органдары аталған салық төлеушіні тексеру барысында пайдалану үшін осындай операциялар туралы қосымша ақпарат алу мақсатында оған қатысты кешенді немесе тақырыптық тексеру жүргізеді. 

Қарсы тексеру кешенді немесе тақырыптық тексеруге қатысты қосалқы тексеру болып табылады. 

Қарсы тексеру деп: 

тараптардың бірі Қазақстан Республикасы болып табылатын, салық немесе құқық қорғау органдары арасындағы өзара ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарға (келісімдерге), сондай-ақ Қазақстан Республикасы халықаралық ұйымдармен жасасқан шарттарға сәйкес басқа мемлекеттердің салық немесе құқық қорғау органдарының, халықаралық ұйымдардың сұрауы бойынша; 

камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған қосылған құн салығы бойынша салық міндеттемесі жөнінде және осындай операцияларға байланысты бұзушылықтарды жоймаған не осындай бұзушылықтардың жоқтығын растай алмайтын түсініктеме ұсынған салық төлеушімен (салық агентімен) жасалатын операцияларды жүзеге асыратын адамдарға қатысты жүргізілетін тексеру де танылады; 

4) Алынып тасталды - ҚР 2009.07.17 N 188-IV Заңымен.  

6. Алынып тасталды - ҚР 2009.07.17 N 188-IV Заңымен.  

7. Хронометраждық зерттеп-тексеру - салық органдары салық төлеушінің зерттеп-тексеру жүргізілетін кезең ішіндегі нақты табысын және табыс алуға байланысты нақты шығындарын анықтау мақсатында жүргізетін тексеру. 

Хронометраждық зерттеп-тексеруді жүргізу туралы шешімді салық төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша және (немесе) салық салу объектiсiнің және (немесе) салық салуға байланысты объектiнің орналасқан жері бойынша салық органы шығарады. 

8. Салықтық тексеру жүргізу, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің (салық агентінің) қызметін тоқтата тұрмауға тиіс.  

9. Салықтық тексерулер мынадай типтерге бөлінеді:  

1) ішінара тексерулер – салық органдары салық есептілігін, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді талдау нәтижелері бойынша салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты тағайындайтын салықтық тексерулер; 

2) жоспардан тыс тексеру - осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлмеген, оның iшiнде: 

салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) өзiнiң өтiнiшi бойынша; 

оларға осы Кодекстің 273-1-бабының 1 және 2-тармақтарын қолдануға байланысты ұсынылатын қосылған құн салығының асып кетуінің анықтығын растау үшін салық төлеушінің өтініші бойынша жүзеге асырылатын тексерулер. Бұл ретте көрсетілген өтініштер: 

өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстар қабылдап алынған; 

кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты суларын және емдік балшықтарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт шеңберінде өндірілген пайдалы қазбаларды экспорттау басталған күнге дейін берілуі мүмкін; 

Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнде көзделген негiздер бойынша; 

салық төлеушi (салық агентi) бұрын тексерiлген салық кезеңiне қосымша салық есептiлiгiн осындай қосымша салық есептiлiгiнде көрсетiлген мәлiметтердiң дәйектілігін тексеру мақсатында ұсынылған жағдайда; 

салық органының бұрын жiберiлген сұрау салулары бойынша алдыңғы салықтық тексеру барысында келiп түспеген жауап алынған жағдайда; 

осы Кодекстiң 608-бабында белгiленген тәртiппен камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы салық органдарының хабарламасын салық төлеушi (салық агентi) орындамаған жағдайда; 

резидент заңды тұлғаның, бейрезидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесiнiң бөлiну жолымен қайта ұйымдастырылуына немесе таратылуына байланысты; 

бейрезидент заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын қызметiн тоқтатуына байланысты; 

дара кәсiпкер, жекеше нотариус, адвокат қызметiнiң тоқтатылуына байланысты;  

салық төлеушiнiң салықтық өтiнiшi негiзiнде қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiнен шығарылуына байланысты; 

жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт мерзiмiнiң өтуiне байланысты; 

акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірілуін және айналымын, сондай-ақ авиациялық отынның, биоотынның, мазуттың айналымын мемлекеттік реттеу мәселелерi бойынша; 

Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық төлеушi (салық агентi) мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуларды айқындау мәселелерi бойынша; 

қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомасының дәйектілігін растау бойынша салық төлеушiнiң қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетiлген талаптары негiзiнде; 

бейрезиденттiң төленген табыс салығын бюджеттен немесе қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарт ережелерiне сәйкес шартты банк салымынан қайтаруға салықтық өтiнiшi негiзiнде; 

Қазақстан Республикасының салық заңнамасында, сондай-ақ орындалуын бақылау салық органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген мiндеттердi банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың орындауы мәселелерi бойынша; 

соттың заңды күшiне енген үкiмi немесе қаулысы негiзiнде жалған кәсiпорын деп танылған салық төлеушiмен жасалған операциялар бойынша салық мiндеттемесiн айқындау мәселелерi бойынша; 

сот жасалуын іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей жүзеге асырылды деп таныған шот-фактура жазу бойынша әрекет (әрекеттер) бойынша салық міндеттемесін айқындау мәселелері бойынша; 

РҚАО-ның ескертпесі!

2) тармақшаның бірінші бөлігінің жиырма екінші абзацы жаңа редакцияда көзделген - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) жоғары тұрған салық органының хабарламаға шағымды қарау нәтижелерi бойынша шығарылған шешiмiне шағымын - осы шағымда көрсетiлген мәселелер бойынша; 

бейрезиденттiң төленген табыс салығын бюджеттен немесе қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттың ережелерiне сәйкес шартты банк салымынан қайтаруға салықтық өтiнiшiн қайта қарау туралы өтiнiшiне байланысты; 

олар бойынша лицензиар лицензия қолданысын тоқтата тұрған бұзушылықтарды жою мәселесi бойынша; 

Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердiң аумағынан импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы және (немесе) акциз бойынша салық мiндеттемесiн орындау мәселелерi бойынша; 

салық органдарында тiркеу есебiне қою мәселелерi бойынша; 

бақылау-касса машиналарының болуы мәселелерi бойынша; 

төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы мәселелері бойынша; 

көліктік бақылау немесе жол полициясы бекеттерінде автокөлік құралдарын тексеру кезінде импортталатын тауарларға арналған тауар-көлік жүкқұжаттарының болуы және тауарлар атауларының тауар-көлік жүкқұжаттарында көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі мәселелері бойынша; 

акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға, темекі өнімдеріне ілеспе құжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның болуы мәселелері бойынша; 

бақылау-касса машиналарын қолдану тәртiбiн сақтау мәселелерi бойынша; 

акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн лицензиялау қағидаларын және оларды өндiру, сақтау және өткiзу шарттарын сақтау мәселелерi бойынша; 

касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органы шығарған өкiмдi орындау мәселелерi бойынша; 

уәкілетті органның шешiмi негiзiнде; 

осы бапта белгіленген жағдайларда салық органының шешiмi негiзiнде жүзеге асырылатын салықтық тексерулер. 

Осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жоспардан тыс тексерулер бұрын тексерілген кезең үшін жүзеге асырылады. 

РҚАО-ның ескертпесі!

2) тармақшаның үшінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

Бұл ретте, бұрын тексерілген кезеңдегі жоспардан тыс тексерулер салық төлеушінің (салық агентінің) өзінің өтініші бойынша, қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетілген қосылған құн салығының асып түсуін қайтару туралы талап бойынша, Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасында көзделген негіздемелер бойынша немесе салық төлеушінің (салық агентінің) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) жоғары тұрған салық органының хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешіміне жасаған шағымына байланысты жүргізілетін салықтық тексерулерді қоспағанда, уәкілетті органның шешімі негізінде жүргізіледі. 

9-1. Салық төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша және (немесе) салық салу объектiсінің және (немесе) салық салуға байланысты объектiнің орналасқан жері бойынша салық органы шешiмiнің негiзiнде: 

салық органдарында тiркеу есебiне қою; 

бақылау-касса машиналарының болуы; 

төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы; 

көліктік бақылау немесе жол полициясы бекеттерінде автокөлік құралдарын тексеру кезінде импортталатын тауарларға арналған тауар-көлік жүкқұжаттарының болуы және тауарлар атауларының тауар-көлік жүкқұжаттарында көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі; 

акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға, темекі өнімдеріне ілеспе құжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның болуы; 

бақылау-касса машиналарын қолдану тәртiбiн сақтау; 

лицензиялау қағидаларын және акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн өндiру, сақтау және өткiзу шарттарын сақтау; 

касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органы шығарған өкімді орындау мәселелері бойынша салықтық тексерулер жүргізу жүзеге асырылады. 

10. Салық органдары заңды тұлғаның өзiне салықтық тексерудің жүргiзiлуiне қарамастан заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерiн тексеруге құқылы.  

Салық төлеушінің құрылымдық бөлімшенің таратылуына байланысты салықтық тексеру жүргізуге салықтық өтініш беру жағдайларын қоспағанда, резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін тіркеу есебінен шығарған кезде тарату салықтық тексеруі жүргізілмейді.  

РҚАО-ның ескертпесі!

11-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

11. Құжаттық тексеруге жататын кезең осы Кодекстің 46-бабына сәйкес белгіленген талап қою мерзімінен аспауға тиіс.  

12. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық қызметі органдары жалған кәсіпорын деп танылған салық төлеушімен жасалған операциялар бойынша және (немесе) сот жасалуын іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей жүзеге асырылды деп таныған шот-фактура жазу бойынша әрекет (әрекеттер) бойынша салық міндеттемесін айқындау мәселелері бойынша бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, мұндай операциялар және (немесе) әрекет (әрекеттер) жасалған салық кезеңінде осы мәселелер бойынша салықтық тексерулер салық төлеушіге камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық қызметі органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жіберілгенге және осы Кодекстің 608-бабының 2-тармағында белгіленген мерзім өткенге дейін жүргізілмейді. 

Жалған кәсіпорын деп танылған салық төлеуші туралы ақпарат салық органы соттың заңды күшіне енген үкімін немесе қаулысын алғашқы алған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.  

Ескерту. 627-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 N 297-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-б. қараңыз), 2012.07.10 N 36-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-баптан қараңыз), 21.06.2013 № 106-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т. қараңыз); 05.12.2013 № 152-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2014.06.18 № 210-V (2015.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) ; 26.07.2016 № 12-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

§ 2. Салықтық тексерулер жүргізудің тәртібі мен мерзімі


Статья 1 ...625 626 627 628 629 ...688 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 627-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы