Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 628 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

ҚР Салық кодексi
628-бап. Консулдық алым төлеуден босату

Консулдық алым: 

1) осы Кодекстің 617 – 622-баптарында көзделген жағдайларда; 

2) Қазақстан Республикасымен консулдық алымдар алудан өзара бас тарту туралы халықаралық шарт жасасқан мемлекеттердің жеке және заңды тұлғаларынан; 

3) Қазақстан Республикасымен құқықтық көмек туралы халықаралық шарт жасасқан мемлекеттердің билік орындары мен жекелеген азаматтарының сұрау салуы бойынша отбасылық, азаматтық және қылмыстық iстер бойынша, алименттер, мемлекеттiк жәрдемақылар мен зейнетақылар туралы, бала асырап алу туралы құжаттарды талап етіп алдырғаны үшiн; 

4) мыналарға: 

Қазақстан Республикасы ресми делегацияларының мүшелеріне және олармен бірге жүретін адамдарға; 

Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарына; 

қызметтік істер бойынша шетелге шығатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне – Қазақстан Республикасының дипломатиялық, қызметтік немесе ұлттық паспорт иелеріне; 

Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері персоналының отбасы мүшелеріне; 

Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері қызметкерінің немесе жұмыскерінің сырқаттануына немесе қайтыс болуына байланысты шетелге шығатын Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері персоналының жақын туыстарына және олармен бірге жүретін адамдарға визалар беру туралы шетелдік дипломатиялық өкілдіктерге және консулдық мекемелерге нота жасағаны және басып шығарғаны үшін; 

5) Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың визалар беру туралы өтініштерін пысықтағаны және: 

Қазақстан Республикасына баратын шетелдік ресми делегациялардың мүшелеріне және олармен бірге жүретін адамдарға; 

республикалық және халықаралық маңызы бар іс-шараларға (симпозиумдарға, конференцияларға және өзге де саяси, мәдени, ғылыми және спорттық іс-шараларға) қатысу үшін Қазақстан Республикасына баратын шетелдіктерге; 

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, мемлекеттік органдардың, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдіктерінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына баратын шетелдіктерге; 

Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісілген гуманитарлық көмекпен Қазақстан Республикасына баратын шетелдіктерге; 

халықаралық ұйымдардың қызметтік істер бойынша Қазақстан Республикасына баратын қызметкерлеріне; 

өзара түсіністік қағидаты негізінде шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасында аккредиттелген халықаралық ұйымдардың шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына баратын шетелдіктерге; 

инвесторлық визаларды; 

Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарға; 

өзара түсіністік қағидаты негізінде 16 жасқа дейінгі балаларға визалар беру (визалық қолдау) туралы Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне нұсқама жібергені үшін; 

6) мыналарға: 

Қазақстан Республикасына баратын шетелдік ресми делегациялардың мүшелеріне және олармен бірге жүретін адамдарға; 

республикалық және халықаралық маңызы бар іс-шараларға (симпозиумдарға, конференцияларға және өзге де саяси, мәдени, ғылыми және спорттық іс-шараларға) қатысу үшін Қазақстан Республикасына баратын шетелдіктерге; 

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына баратын шетелдіктерге; 

Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісілген гуманитарлық көмекпен Қазақстан Республикасына баратын шетелдіктерге; 

халықаралық ұйымдардың қызметтік істер бойынша Қазақстан Республикасына баратын қызметкерлеріне; 

өзара түсіністік қағидаты негізінде шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасында аккредиттелген халықаралық ұйымдардың шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына баратын шетелдіктерге; 

қызметтік істер бойынша Қазақстан Республикасына баратын шетелдіктерге – дипломатиялық және қызметтік паспорт иелеріне; 

өзара түсіністік қағидаты негізінде 16 жасқа дейінгі балаларға; 

Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарға; 

шетелде тұрақты тұратын және жақын туыстарының жерлеуіне Қазақстан Республикасына баратын, Қазақстан Республикасының бұрынғы азаматтарына визалар; 

инвесторлық визаларды; 

қызметтік визаларды; 

дипломатиялық визаларды бергені үшін; 

7) Қазақстан Республикасы консулдық мекемелерінің және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері жіберген қателері бар бастапқы визалардың орнына қайтадан визалар бергені үшін; 

8) жоғалту, дүлей зілзала немесе басқа да форс-мажорлық мән-жайлар салдарынан құжаттары мен ақшасы жоқ Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасына қайта оралуға куәліктер және анықтамалар бергені үшін; 

9) шетелде қайтыс болған Қазақстан Республикасы азаматтарының мәйіті салынған табыттар мен урналарды Қазақстан Республикасына жіберген кезде қайтыс болу туралы куәліктер және анықтамалар бергені үшін; 

10) өзара түсіністік қағидаты негізінде шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің өтінішхаттары бойынша құжаттарды талап етіп алдырғаны үшін; 

11) Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы талап етіп алдырған құжаттарын заңдастырғаны үшін; 

12)
өзара түсіністік қағидаты негізінде шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өтінішхаттары бойынша құжаттарды заңдастырғаны үшін; 

13) шетелде уақытша және тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын, сондай-ақ шетелдіктерге асырап алуға берілген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды консулдық есепке қойғаны және консулдық есептен шығарғаны үшін алынбайды. 

Ескерту. 628-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.12.2022 № 165-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...626 627 628 629 630 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться