Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Салық кодексi
631-бап. Салықтық тексеру туралы хабарландыру



Ст. 631 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы



1. Салық органдары, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе:

1) резидент заңды тұлғаның, бейрезидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің бөліну жолымен қайта ұйымдастырылуына немесе таратылуына;

2) бейрезидент заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын қызметін тоқтатуына;

3) дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор қызметінің тоқтатылуына;

4) салық төлеушінің салықтық өтініші негізінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылуына байланысты жүзеге асырылатын салықтық тексерулерді қоспағанда, ішінара кешенді және (немесе) ішінара тақырыптық тексеру жүргізу басталғанға дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын, салық төлеушіге (салық агентіне) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салықтық тексеру жүргізу туралы хабарлама жібереді немесе тапсырады.

2. Хабарлама салық төлеушіге (салық агентіне) тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша жіберіледі немесе тапсырылады.

Тапсырысты хатпен хабарланатын етіп почта арқылы жіберілген хабарлама почта немесе өзге байланыс ұйымының жауабы алынған күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.

3. Салық төлеуші (салық агенті) тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша болмаған жағдайда, ішінара кешенді және (немесе) ішінара тақырыптық тексеру хабарландырусыз жүзеге асырылады.

4. Хабарламада салықтық тексерудің түрі, тексерілуге жататын мәселелердің тізбесі, қажетті құжаттардың алдын ала тізбесі, салықтық тексеру жүргізу кезіндегі салық төлеушінің (салық агентінің) құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ салықтық тексеру жүргізу үшін қажетті басқа да деректер көрсетіледі.

5. Салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексеру жүргізу үшін қажетті салық салуға байланысты құжаттарды жасырып қалуының немесе жойып жіберуінің негізделген тәуекелі бар болған не тексеруді жүргізуді мүмкін емес ететін немесе оны толық көлемде жүргізуге мүмкіндік бермейтін басқа да мән-жайлар болған жағдайларда салық төлеушіге (салық агентіне) тексерудің басталуы туралы хабарламастан салықтық тексеруді бастауға құқылы.

Салық органы салықтық тексеруді жоғары тұрған салық органының жазбаша рұқсатының негізінде салық төлеушіге хабарламастан жүзеге асырады.

Ескерту. 631-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 № 152-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...629 630 631 632 633 ...688 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi) N 99-IV от 10.12.2008 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 631-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы