Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 634 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

ҚР Салық кодексi
634-бап. Кірістер мен мүлік туралы декларация жасау ерекшеліктері

1. Алып тасталды – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

2. Кірістер мен мүлік туралы декларация: 

1) дара кәсіпкердің кәсіпкерлік қызметтен түсетін, декларациялауға жататын кірістерін қоспағанда, жеке тұлға өз бетінше салық салуға жататын кірістер; 

2) салықтық шегерімдер;  

3) мүлікті Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде алу және (немесе) иеліктен шығару, оның ішінде өтеусіз негізде алу және (немесе) иеліктен шығару; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

4) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4) 01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен;

5) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі шетелдік банктердегі банктік шоттарда жиынтығында республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын сомадағы ақша; 

6) есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша жеке тұлғаның меншік құқығындағы қолда бар мүлік: 

шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге тіркеуге (есепке алуға) жататын не ол бойынша құқықтар және (немесе) мәмілелер мемлекеттік немесе өзге тіркеуге (есепке алуға) жататын мүлік;  

эмитенттері Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тіркелген бағалы қағаздар, цифрлық активтер; 

инвестициялық алтын; 

Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркелген заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі; 

7) Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берешекті қоспағанда, міндеттеменің немесе талаптың туындауына негіз болып табылатын, нотариат куәландырған (айғақтаған) шарт немесе өзге де құжат болған кезде басқа тұлғалардың жеке тұлға алдындағы берешегі (дебиторлық берешегі) және (немесе) жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешегі (кредиторлық берешегі) туралы ақпаратты жеке тұлғалардың көрсетуіне арналады. 

3. Кірістер мен мүлік туралы декларацияға қосымшалар салық органдары салықтық бақылау мақсатында пайдаланатын салықтық міндеттемені есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналады. 

4. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке тұлғалардың декларацияларын тапсыру міндеті жүктелген жеке тұлғалар кірістер мен мүлік туралы декларацияда мүлікті алу және (немесе) иеліктен шығару туралы, сондай-ақ есепті салықтық кезең ішінде мынадай мүлікті, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде сатып алуға арналған шығыстарды жабу көздері туралы мәліметтерді де көрсетеді: 

1) мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын жылжымайтын мүлік, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлік; 

2) мемлекеттік тіркеуге жататын механикалық көлік құралдары мен тіркемелер; 

3) заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестері; 

4) бағалы қағаздар, цифрлық активтер; 

5) инвестициялық алтын; 

6) туынды қаржы құралдарын (орындалуы базалық активті сатып алу немесе өткізу арқылы жүргізілетін туынды қаржы құралдарын қоспағанда); 

7) тұрғын үй құрылысына қатысу үлестері.  

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде шоттарды (салымдарды) ашу және иелену, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеуді қабылдайтын жеке тұлғалар кірістер мен мүлік туралы декларацияда банктік салым сомасына қарамастан, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі шетелдік банктерде ақшасының бар-жоғы туралы ақпаратты көрсетеді. 

Осы мәліметтерді көрсету туралы талап кірістер мен мүлік туралы декларацияға қосымшада көрсетіледі.  

5. Алып тасталды – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Ескерту. 634-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.12.2021 № 85-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.12.2022 № 165-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.12.2023 № 45-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...632 633 634 635 636 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться