Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Салық кодексi
637-бап. Салықтық тексерудi аяқтау



Ст. 637 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы



1. Салықтық тексеру аяқталған соң салық органының лауазымды адамы:  

1) салықтық тексеру жүргiзілген орынды, акт жасалған күнді;  

2) тексерудiң түрiн;  

3) салық органының салықтық тексеру жүргiзген лауазымды адамдарының қызметiн, тегiн, атын, әкесiнің атын (ол болған жағдайда);  

4) салық органының атауын;  

5) салық төлеушiнiң (салық агентiнің) тегiн, атын, әкесiнiң атын (ол болған жағдайда) не толық атауын;  

6) салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) орналасқан жерiн, банктiк деректемелерiн, сондай-ақ оның сәйкестендіру нөмiрiн;  

7) салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) басшысының және салық есептiлiгi мен бухгалтерлiк есептiлiктi, салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуді жүргізуге жауапты лауазымды адамдарының тегiн, атын, әкесiнiң атын (олар болған жағдайда);  

8) алдыңғы жүргiзiлген құжаттық тексеру және бұрын анықталған Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарды жою бойынша қолданылған шаралар туралы мәлiметтерді (кешенді, тақырыптық тексерулер жүргізген кезде);  

9) тексерiлетiн кезеңді және тексеру жүргiзу үшiн салық төлеушi (салық агентi) табыс еткен құжаттар туралы жалпы мәлiметтердi;  

10) Қазақстан Республикасының салық заңнамасының тиiстi нормасына сiлтеме жасай отырып, салық бұзушылығының егжей-тегжейлi жазылған сипаттамасын;  

11) тексеру нәтижелерін көрсете отырып, салықтық тексеру актiсiн жасайды.  

2. Салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тексеру актісі тапсырылған күн салықтық тексеру мерзімінің аяқталуы болып есептеледі. 

Салықтық тексеру актісін алған кезде салық төлеуші (салық агенті) салық органдарының салықтық тексеру актісінің данасына оны алғаны туралы қол қоюға міндетті. 

Салық төлеушіге (салық агентіне) актіні тапсыру салық төлеушінің (салық агентінің) орналасқан жері бойынша болмауына байланысты мүмкін болмаған жағдайда осы Кодексте белгіленген тәртіппен куәгерлер тартыла отырып, салықтық зерттеу жүргізіледі. Бұл ретте салықтық тексеру мерзімі аяқталатын күн салықтық зерттеу актісін жасаған күн болып табылады. 

3. Салықтық тексерудің аяқталуы бойынша Қазақстан Республикасының салық заңнамасының бұзылуы анықталмаған жағдайда, онда бұл туралы салықтық тексеру актiсiне тиiстi жазба жасалады.  

4. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексерудің аяқталу күнінде салық төлеуші (салық агенті) орналасқан жерінде және (немесе) салықтық тексеру жүргізілген орында болмаған жағдайда, салықтық тексеру жүргізген салық органының лауазымды адамы салықтық тексеру актісіне тиісті жазба жасайды.  

5. Салықтық тексеру актiсiне осы Кодекстің 557-бабына сәйкес салық құпиясы болып табылатын мәліметтерді қоспағанда, қажеттi құжаттардың көшiрмелерi, салық органының лауазымды адамы жүргiзген есеп-қисаптар және салықтық тексеру барысында алынған басқа да материалдар қоса тiркеледi.  

6. Салықтық тексеру актiсi кемінде екi дана етiп жасалады және оған салықтық тексеру жүргiзген салық органының лауазымды адамдары қол қояды. Салықтық тексеру актiсiнің бiр данасы салық төлеушiге (салық агентiне) тапсырылады.  

РҚАО-ның ескертпесі!

7-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 16.11.2015 № 406-V Заңымен (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

РҚАО-ның ескертпесі!

7-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

7. Егер тарату салықтық есептілігі алынған күннен бастап тарату салықтық тексеру аяқталған күнге дейінгі кезең ішінде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу, аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу міндеттемелері туындаған жағдайда, мұндай міндеттемелер салықтық тексеру актісіне қосымшада өсімпұл есептелмей және айыппұл санкциялары қолданылмай көрсетіледі.  

Ескерту. 637-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.06.30 N 297-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 21.06.2013 № 106-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т. қараңыз) Заңдарымен.


Статья 1 ...635-1 636 637 638 639 ...688 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi) N 99-IV от 10.12.2008 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 637-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы